Ассалаумағалейкум!
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ассалаумағалейкум!
Инна лиллаһи уә инна илайһи ражиғун.
Имам Бұхари атындағы Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығында Йолдошхон Исаев домла қызмет ететін.
Өте кішіпейіл, шынайы, ашық-жарқын, тәкаппарлықтан мүлде ада, қарапайым әрі көркем мінезді адам еді.
Ол кісімен орталыққа барғанымда бір рет кездескенмін.
Бірнеше рет телефонмен сөйлескенмін.
Түркиядағы Топқапы музей-кітапханасына онлайн мүше бола алмай жүрген едім, өтініш толтырғанмын, бірақ қабылдамай жатқан. Барғанымда сөз арасында Йолдошхон ағаға айтып қалдым. Ол кісі дереу қоңырау шалды. Сол жерде Сарра деген қыз жұмыс істейді екен, сол сәтте-ақ ол арқылы мені кітапханаға онлайн мүшелікке бекіттірді.
Қатты таңғалдым: шынымен-ақ осылай оңай әрі мүддесіз жақсылық жасайтын адамдар бар ма деп.
Өйткені уақыт өткен сайын мұндай жақсылық жасайтындардың шектен тыс азайып бара жатқаны себепті ешкімнен ешбір жақсылық күтпейтін болған едім. Тіпті дүниеде бірде-бір адам шынайы жақсылық жасауға қабілетсіз болып барады деген түңілу ойы менде басым бола бастаған еді.
Бәлкім, адамдар осылайша бір-бірінің шынайы жақсылық жасайтынына сенбей қалатын шығар.
Домламен жақынмын, қадірлесімін деп айта алмаймын.
Ол кісі бәріне істегені сияқты маған да жай ғана жақсылық жасап кетті деп ойлаймын.
Есінен де шығып кеткен шығар.
Бүгін естіп, жүрегім мұңға батты: Домла Йолдошхон Исаев бақи дүниеге аттаныпты.
Алла рахметіне алсын.
Мінезде, кішіпейілдікте, қарапайымдылықта, ешнәрсеге дәмеленбеуде Йолдошхон ағаға ұқсауды армандаймын.
Раббым, көркем мінезді, жерді де ауыртпайын деп абайлап басып өткен мүмін құлыңды қабыл ет және оған көркем мәмле жаса!
Күнәларын кешір және рахметіңмен орап ал!
Әмин, я Раббал әләмин!
Түсініктеме:
Домланың бірнеше минуттық қысқа сөздері:



Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.