Басымызға түскен ең ауыр жағдайларда не істеу керек?
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Мақбұл мінез-құлықты дамыту
1. Бұрын дос болып, енді дұшпанға айналған адам туралы айтпау.
Өйткені –
ертең арадағы қарым-қатынас қайта жақсарып кетуі мүмкін!
саған жасаған жақсылықтарының құрметі жоқ па?
2. Бұрынғы келісімдерде сыр сақтаймыз деп айтылған құпияларды ешқашан әшкерелемеу.
Өйткені –
бұл ең алдымен сені масқара етеді, бұл істі істеген – қор, істемеген – қадірлі болады.
қарсы тарап дәл осы себепті сені мойындауға мәжбүр болады.
Әлемде сенің құпияңды әшкерелеймін деп қорқытудай әдепсіздік болмағаны сияқты, бұл істі істеудей пасықтық та жоқ.
Егер пәлен істі істемесең, жұрттың алдына шығып айтамын деу сияқты ақымақтық, мұндай келте ойлылық жоқ.
Мұның Исламға қатысы жоқ, өйткені ислам – парасатқа негізделген дін.
Бұл тіпті дипломатия да емес, тіпті тактика да емес.
Бұл – түзету мен тәрбиенің жолы емес.
Бұл – ислах та, дана басқару да емес.
Мұның ең жұмсақ сипаттамасы – балалық.
3. Шешім қабылдамау.
Өйткені –
мұсибат денедегі қара өт деп аталатын қара түсті сұйықтықты көбейтеді.
қара өті қозған адамнан зиян шығады.
4. Миың суу үшін үнсіз қалу және тынышталып алу үшін оңашаға бару немесе оның орнына бір дұрыс іс істеу.
Өйткені –
сөйлеу сені әлсіз етіп көрсетеді.
мінезіңдегі кемшілік әшкере болады.
5. Достарды сатпау, қорықпау, қандай жағдайда да біреудің абыройына дақ түсіретін қатені жұртқа жарияламау, мүмкін болса, ешкімге айтпау.
Өйткені –
әдепсіз істерді әшкерелеу адамдардың жүрегін қарайтады.
сенімді сөндіреді.
сен күнәні көрдің, бірақ тәубені көрмедің, мүмкін ол тәубе еткен шығар?!
Мақсат ислах болса, әрдайым түзету жолын ойлау керек.
Ауруды емдеуге де уақыт керек.
Адамдарға да түзелулері үшін уақыт беріледі.
Шынында да, Алла сенің талай күнәларыңды әлі әшкере еткен жоқ, өйткені ол Зат саған тәубе ету үшін уақыт беріп отыр.
Тәуфиқ Алладан.
Түсініктеме:
Бұл жаттап алған сөздер емес, тәжірибенің, қанды көз жастары мен ұйқысыз азапты түндердің насихаты.
Акром МАЛИК



Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.