Басымызға түскен ауыр жағдайларда не істеуіміз керек?
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Мақбұл мінез-құлықты дамыту
Екінші бөлім
Бұл тақырыпта жақсы кеңестер жазылған еді, әлхамдулиллаһ.
Алайда бүгін бір негізгі істің ұмытылғаны байқалды.
Кеңестердің көбінде бұл амалдың естен шығып кеткені де бекер емес сияқты. Өйткені бұл іс мұсибат кезінде де естен шығып кетуі әбден мүмкін.
Бұл – истиғфар мен тәубе.
Мұсибатқа ұшыраған адамның алғашқы ісі Аллаға истиғфар айту және тәубе ету болғаны абзал.
Шынында да, кез келген қиындықты – шиеленісті шешу жалғыз Құдайдың еркінде.
Мақсат – мәселені шешу емес, керісінше мәселеден пайдамен шығу.
Басыңа қандай мұсибат келсе де, одан аман-есен ғана емес, көптеген игіліктердің жемісімен шыға алсаң, бұл – мүминге тән жеңіс.
Яғни жеңіс деген кезде –
күнәлардан тазару;
төзімділіктің сыналуы;
сабыр мен тәжірибеге қол жеткізу;
жақсы мен жаманды ажырату;
ең бастысы, өз нәпсіңді зерттей отырып тану;
хикметтер табу
және Раббыңа бұрынғыдан да жақынырақ болып мұсибаттан шығу көзделіп отыр.
Әлемде адам қол жеткізе алатын ең үлкен игілік – адамгершілік; көркем мінез.
Бұл екі жеміс оңайлықпен келмейді.
Олар кітап оқу және насихат тыңдаумен ғана емес, илаһи хикметпен келген мұсибаттар мен азаптар арқылы келеді.
Бұған жетудің ең алғашқы шарты – истиғфар мен тәубе.
Шынында да, мал-дүниеден айырылу адамның абыройына нұқсан келтірмейді, ал адамгершілік пен көркем мінезден айырылу ар-намысты сындырады.
Акром МАЛИК



Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.