ОТБАСЫН БҰЗУШЫЛАР НЕМЕСЕ ҮЙ БҰЗУШЫЛАР ЖАЙЛЫ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Отбасы қасиетті. Ол таза сақталуы керек. Отбасының сырлары отбасында қалуы шарт. Ер мен әйел – бір дөңгелектің екі жартысы. Опасыздықсыз өмір сүріп жатқан ерлі-зайыптылардың арасын бұзудан сақ болыңыз. Адам жүрегі өзгермелі, ақыл алданғыш. Кейде абысын дегендері де абысынына ор қазады: қайнағасына абысынын жаман көрсетуі, инсаптан тыс жолдарға бағыттауы және отбасының ажырасуына себеп болуы мүмкін. Бұған өмірде мысал көп. Ей, адамдар! Алладан қорқыңыз. Өсек пен жала жаппаңыз. Арандатушының өлімі алдында тілі шіриді. Ішектері шіриді әрі аузынан сасық иіс таралады. Отбасын бұзушы жалақорларға тозақта бұдан да ауыр жазалар бар. Ей, адамдар! Басқалардың арасын бұзудан сақтаныңыз. Адамдардың арасында достық орнатыңыз, әсіресе, ерлі-зайыптылар араздасса, сақ болыңыз және оларды татуластырудың қамын жасаңыз. Ей, адамдар! Бұзғыншылығыңыз үшін жәбірленгендердің қарғысы мен Алланың лағынетіне ұшыраудан қорқыңыз!
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.