Осы мәтінде бұрынғылардың, тіпті айтсақ, ағартушы отбасылардың тәрбие әдістері туралы айтып бергім келеді.…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Осы мәтінде бұрынғылардың, тіпті айтсақ, ағартушы отбасылардың тәрбие әдістері туралы айтып бергім келеді. Егер перзенттеріңіздің ойы анық, зерек те парасатты, бір-біріне мейірімді және ауызбірлікті болуын қаласаңыз, осы қағидаларды мықтап меңгеріп, іс жүзінде қолданыңыз: 1. Ешқашан балаларыңызды жерге қаратпаңыз. Сен қолыңнан ештеңе келмейді, жасықсың, ақымақсың демеңіз. Мүмкіндігінше жақсы сөздермен тәрбиелеңіз. Демек, балаға қорлайтын сөздер айтуға мүлдем және мүлдем тыйым салынады. 2. Ешқашан балаңыздың мін-кемшіліктері туралы ең жақын адамдарыңызға да шағымданбаңыз. 3. Балаңызды бөгделердің алдында да, туыстардың алдында да құрметпен шақырыңыз, онымен жұмсақ қарым-қатынас жасаңыз, сонымен бірге еркелетіп, шалқайтып жібермеңіз, қате жасаса да, мұны салмақтылықпен әрі жұмсақтықпен айтыңыз. 4. Балаға жаза беру қажеттілігі туса, алдымен кінәсін мойындатыңыз. Ол өзі ұғынуы үшін жағдай жасаңыз. Сонда ол жазаға лайық екенін түсінеді. Жазада шектен шықпаңыз. Бірақ жазадан бұрын үш рет анық әрі айқын кешіріңіз. 5. Құрметті аналар! Күйеуіңізге ашуланып, балаңызға қатты сөйлемеңіз, бұл тәрбиесіздік пен ақымақтықтың белгісі. 6. Бала қате жасаса, оның не қателік жібергенін өзі түсінуі үшін әрекет етіңіз. «Өзің ойланып көр» деуді біліңіз. Ренжісеңіз, мұны кейбір белгілермен білдіріңіз. Ол әкемді не анамды ренжіттім деп ойлауына, қай ісі бұған себеп болғанын пайымдауына, өкінуіне және оны өз бастамасымен түзетуіне жол беріңіз. 7. Ұл бала батыл болуы үшін оған батылдықты талап ететін істер бұйырыңыз. Қыз бала нәзік болуы үшін әрдайым жұмсақ қарым-қатынас жасаңыз. Қыз балаға да, ұл балаға да әкенің өзі ашық айтпай, керісінше ана арқылы айтқаны дұрыс. Бұл иерархиялық тәртіп аса маңызды. 8. Перзенттеріңізді отбасының сырларын, өзінің сырларын мықтап сақтауға дағдыландырыңыз. Ол үшін құпия болған әрі сіз білетін нәрселерді одан басқаға, әсіресе басқаның алдында бетіне баспаңыз, айтпаңыз. Кейде өзара сырларыңыздың бар екенін ишарамен білдіріп қойыңыз: «Өзің білесің ғой!» — деген түрде. 9. Құрметті ата-ана! Араңызда келіспеушілік туса, ешқашан бір-біріңізді балаңызға жамандамаңыз. Осы тәрбие қағидаларын қатаң ұстансаңыз, табиғаты сабырлы, жүйкесі жұқармайтын, төзімді, жұмсақ әрі салмақты, парасатты әрі табиғаты пәк перзент өсіресіз, иншаАлла. Әрине, балаңыздың ақысына әрдайым дұға жасаңыз. Бірде-бір күніңізде бұл дұғаны ұмытпаңыз. Бала тәрбиесіне байланысты қағидалар көп, негізгі деп саналғандары баяндалды.
Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.