Отбасының басшысы ер деп оның міндеттеріне көп мән берілуі — әділетті. Бірақ ерді аялап сақтау — әйелдің…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Отбасының басшысы ер деп оның міндеттеріне көп мән берілуі — әділетті. Бірақ ерді аялап сақтау — әйелдің басты міндеті. Ер отбасын асырауы үшін сабырлы әрі тыныш көңіл-күйде болуы шарт. Тамағы дайын, киімдері жуылған, таза, үтіктелген, аяқ киімдері жылтыраған. Әйел оған тәтті сөздері мен күлкісін де аямасын. Міне, енді ер кез келген шайқасқа дайын: ол көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс істейді, істері өнімді болады, жүйкесі жұқармайды, жұмысы біткен соң, үйіне қарай асығады. Өйткені үйде тыныштық бар. Ал керісінше болса ше? Әйелдің қабағы түйулі, тамақ кешіккен, киімдер жуылмаған, үтіктелмеген; ердің сәл ашуы келсе, әйел одан қалыспай айтысады; ащы-ащы сөздермен көңілін қаралайды; ұсақ мәселелермен көлденең шыға береді; оның үстіне ердің назарын аудару үшін жасанды шиеленістер ойлап табады. Осылайша ерді ұстап тұрамын деп ойлайды, ерді ұстау үшін жаратылғандай. Мұндай жағдайда отбасында тыныштық кетеді. Бірте-бірте ердің жүрегі шайлығады. Әйеліне сөйлеуден шайлығады. Өйткені әйел ердің көңілін көтеріп, оны қуантудың орнына тұрақты зұлымдығы мен улы тілімен мыстанға айналған. Одан бас тартайын десе, балалары бар; оның үстіне, ерлік намысы әйелден бас тартуға ерік бермейді. Ал әйел қалағанынша ердің жүйкесін егеп, өмірін қысқартады; бірде-бір рет күйеуіме зұлымдық жасап жүрген жоқпын ба деп ойламайды, өзі біле ме, білмей ме, ерді қорлап, қадірсіз етеді. Нағыз ер адамдар әйелдермен күреспейді. Өйткені әйелдерден жеңіске жету мүмкін емес. Шынында, әлсіздермен теңесу ерлерге жараспайды, ал мұны ұқпаған әйелдер өршіп, ердің атын былғап, құтыруын тоқтатпайды. Күйеуіне ашуланған, тіпті оған көзін алайтып қараған әйелдерге періштелер де лағынет айтады екен. Дауысын көтеріп, тәрбиесіздік жасап жүргендердің халіне қасірет. Алла мұндай әйелдерді лағынеттейді және тозаққа отын етеді. Әрине, ақылды, ізгі әйелдер де бар. Олар мойнындағы міндетін жақсы біледі, шын жүректен атқарады, ердің көңілін шат етіп, отбасын тыныштық пен бақыт қорғанына айналдырады. Бірақ гендерлік теңдік деп әйелдер құқығын қорғау туралы хабардар болған кейбір әлсіздер бұл құралды ерді тежеп қою, оны сындыру үшін пайдалануы да мүмкін. Ақиқат сол — ерлер қадір таппаған ел қор болады; шектен шыққан әйелдер себепті бақытсыздық әлемді жабады; ер болсын, әйел болсын, өз шегін білуі, зұлымдықтан тыйылуы, жұбайын айыптамай, өзін көбірек тексеруі абзал. Ер де, әйел де отбасында тыныштық болуына ұмтылуы тиіс, екеуі бір-бірін аяласын. Бірақ бүгін әйелдер күйеуін аялау туралы мүлдем ойламай, керісінше, күйеуімнен басым түсемін деп жүрген сияқты, Алла пана берсін. Ер адамдар: «Әйелімді қинап жүрген жоқпын ба?» — десе, әйелдер: «Күйеуіме машақат туғызып жүрген жоқпын ба? Қалай етсем, күйеуіме жеңіл болар екен?» — десе, әлем гүлстан. Әрине, ердің үйге қаққан бір шегесін бұлдайтын әйелдер бақытсыздыққа кесілген.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.