Бәріміз эмоционалдық тұрақсыздыққа ұшырадық. Көп адамның іші себепсіз үрей мен уәсуәсаға толы. Шын мәнінде,…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бәріміз эмоционалдық тұрақсыздыққа ұшырадық. Көп адамның іші себепсіз үрей мен уәсуәсаға толы. Шын мәнінде, себепсіз емес. Адамзат өзінің қаншалықты күнәларға батып бара жатқанын сезіп отыр, тән мен ақылдан бөлек күйде жан талмаусырап жатыр. Өйткені жан бұл істердің жауапсыз қалмайтынын ұғып отыр. Жеке тәжірибемнен шыға отырып айтамын: біздің рухани тыныштығымыз — тордан шығып кетуде. Тор — интернет. Бүгін бұл іс мүмкін емес сияқты көрінетін болды. Бірақ төзіммен жету әлі де мүмкін. Ең алдымен youtube, facebook, instagram, tiktok деп аталған тордан шығып кету керек. Олардың қосымшаларын сөйлескіште (телефонда) да сақтамауды кеңес етемін. Құмарың қозып, браузерден қарап қойсаңыз да, қосымшаны сақтаудан келетіндей зиян болмайды. Әрине, бұл қосымшаларға байланысты қандай да бір рухани-эмоционалдық мәселелердің туындауының белгілі бір негіздері бар. Әзірге осы шынжырларды үзіп тастау бізді едәуір тыныш әрі рахат етеді, иншаАлла.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.