Тіл

Бір қайыршы бір байдың табалдырығына жатып алды. Яғни күн сайын садақа сұрайтын еді, оның басқалардан…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Бір қайыршы бір байдың табалдырығына жатып алды. Яғни күн сайын садақа сұрайтын еді, оның басқалардан айырмашылығы сол — ол нақты мөлшер талап ететін: маған мың динар бер дейтін. Бірақ бай бір дирхамнан артық бергісі келмейтін, себебі қайыршының халіне қарап, мың динар беруге ақылы ерік бермейтін. Ал қайыршы соншалықты қырсықтық етті, бай оны көргісі келмейтін болды, ақыры күндердің бір күні қызметшісіне мың динар беріп: анау тіленшіге бер, тек көзімнен жоғалсын, — деді. Тіленші мақсатына жеткеніне қуанып жүгіріп кетті. Бай да бір сұрқиядан құтылғанына шүкір етіп, үйінің екінші қабатына шықты, кенет терезеден бір көрініске көзі түсті: оның мың алтынын алған тіленші ентелей жүгіріп бара жатқанда, оны кездейсоқ бір қанішер ұры көріп қалған еді, ұры ешкім көрмей тұр деп ойлап, тіленшіге тап беріп, алтынын тартып алды, тіленші бергісі келмей ұмтылған еді, ұры оның қақ жүрегіне қанжарын сұғып, лезде өлтіріп тастады, содан соң тез арада ізін қалдырмай тайып тұрды. Қорытынды сол — Құдай Ғани (Бай, ешкімге мұқтаж емес) Зат. Сонымен бірге Ол — Хаким (Дана). Сен не сұрасаң, соны беретін, бірақ ешкімге мұқтаж емес Зат. Ол Өз хикметімен саған не керек, не керек емес екенін біледі. Сен байлық сұрайсың, бірақ дәл қазір саған кедейлік жақсырақ, өйткені байлық саған кедейліктен гөрі қауіптірек болуы мүмкін. Сен даңқ-абырой қалайсың, бірақ танымал болмау сен үшін пайдалырақ шығар... Сен ілім сұрайсың, бәлкім қазір білмеу саған лайықтырақ, білгеннен кейін амалсыз шайтанға айналмау үшін күту керек шығар... Саған не керек екенін Құдай біледі және саған ең керек уақытта, сен дайын болған сәтте Ол сол нәрсені саған береді. Егер сол нәрсені алу тағдырыңда болмаса, демек, риза бол, бұл сен үшін жақсырақ, өйткені үлестірудің Иесі — Құдай. Өмір байлықпен құрдымға кеткендерді, даңқ-абыройымен масқара болғандарды және ілімімен қор болғандарды көрді. Кім сабыр етіп, Құдайдың тағдырына разы болса, бақытқа жетер! Пенде мойнындағы ісін істеуі керек — оған құлшылық пен мойынсұну, адал ризық үшін кәсіп ету бұйырылған, осы істерді істесін және тоқтамасын. Сондай-ақ бізге көркем мінез бұйырылды, адамзаттың дүние мен ақыреттегі бақыт-дәулеті оның көркем мінезіне сай. Мінезі жаман адамның бақытты болғанын немесе мінезі көркем адамның бақытсыз болғанын ешкім көрген емес. Барлық қараңғылық пен қайғы мінездің жамандығынан келеді, ілімнің аздығынан емес, сол себепті алдымен әдеп үйрену абзал деген. Имам Ахмад рахматуллаһи алайһидің шәкірттері айтыпты: «Ұстаздың қасында 20 жыл болдық, 18 жыл әдеп үйрендік, 2 жыл ілім, ұстаз дүниеден өтті; кейін, шіркін, сол 2 жылда да әдеп үйренсек қой деп арман еттік». Әр нәпсі өзі жеткен емес, жете алмаған нәрсесінен қайыр көрсін, қолына келгенінен қорықсын, жамандыққа себеп болмасын! Нәпсіні қуантқан нәрселердің қайырлы болуы қиын. Құдайдан Құдайды разы ететін нәрселерді сұрау керек, нәпсіні қуантатын нәрселерді емес. Бір күні қолға алғанымыз жүрегімізге қанжар болып қадалмасын! Құдайым, бізді қиындықтардың ішінен шығар және Өзің разы болған жолға бастай гөр!

Акром МАЛИК

4 450рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Ашкөздік пен даңққұмарлық дертінен аман болу — ең үлкен бақыт, өйткені бұл әммара нәпсінің ажырамас…

    Қазір «озық» жастарымыздың арасында «өсу» деген сөз жиі айтылып жүр. Яғни олар бір жұмыс орнында «өспей жатқанын» сылтау етіп кетіп қалуда. Не дейді-міс, жаңа дағдыларға жетпей…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.