ҮШІНШІ ТАРАУ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
ҮШІНШІ ТАРАУ ҰЛ
Төртінші бөлім Кенже ұл
Ертегілерде кенже батырларға ерекше артықшылық беріледі: жолы болады, ісі алға басады, айдаһарларды өлтіреді және тағы басқа. Халықта «сүт кенже» деген сөз бар, бұл жасы ұлғайған ата-аналардың дүниеге әкелген кенже перзенттерінің аты. Кенжетайда бірқатар ерекшеліктер бар, бұлар одан үлкендерде табылмайды: алдымен, ата-ана кенжетайды дүниеге әкелгенде өмірлік тәжірибелері едәуір артқан болады; бала тәрбиелеуге, бағып-күтуге де шебер болып қалады; көбінесе, кенжетай туғанда үлкендер есейіп, мектепке, университетке және жұмыстарға кетіп, аула құлазып қалады. Міне, осы кезде кенжетай өте керек болады: ата-анаға ермек болып тұрады, үлкен аға үйленіп, немере келгенге дейін ай мен күн кенжетайға туып тұрады. Бұл өз жемісін береді: кенжетайда ерекше еркелік, ерекше батылдық, ерекше ақылдылық, мейірімділік, ата-анаға жақындық, көп жағдайда ерекше сұлулық та көзге түседі. Кенжетай ағаларының қорғауында, үлкен отбасында өсетіндіктен, онда мінездің жақсысы дамуына да мүмкіндік пайда болады. Кенжетайға ата-ана өзі қаласа да, қаламаса да, көбірек қамқорлық жасайды. Оның тентектіктеріне төзеді. Кешіреді. Бұған ағалар таңғалмауы тиіс: олар ата-аналары жас кезде туды, кенжетай ата-ана піскенде туды, бұл кезде ата-ана кеңпейіл, кешірімді, ашулана бермейтін, сабырлы мінезге ие болады. Отбасында бір еркетай болса, болыпты да: кенжетайларға осындай артықшылық берілсе, жарасады, олар отбасы ортасына жылулық, көңілділік беріп тұрады; олардағы дербестік, батылдық, зейін, есте сақтау, ата-анаға жақындық бүкіл отбасының берекесі болып қызмет етеді.
Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.