ҮШІНШІ ТАРАУ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
ҮШІНШІ ТАРАУ ҰЛ
Екінші бөлім Тұңғыш ұл
Тұңғыш ұлдар табиғатынан мейірімді, ақкөңіл, байсалды әрі қамқор. Олардағы бұл сипаттар туа біткен болады. Барлық дерлік тұңғыштар мәмілегер, сақ, еңбекқор әрі жұмсақ. Олар күресшіл, ойлы, дана, ілімге бейім, басқаруға қабілетті, тәртіпті, жауапкершілігі мол. Тұңғыштар — әкелердің бірінші тірегі, аналардың алғашқы сүйеніші. Ол ақыл жағынан да, жүрек жағынан да ертерек есейеді. Отбасындағы үлкен-кіші істер жасынан оның мойнына жүктелгендіктен, ол көп жүк көтеруге әдеттенеді. Ол дәл тұңғыш болғандықтан, басқа жерлерде де мәселелерге бейжай емес: бір нәрсені шешу, іс жүзінде көмектесу, мейірім мен шапағат оған тән. Тұңғыш ұлды кейіннен жиендерінің үлкен әке немесе бай әке деуі де отбасының үлкені ретінде әкеден кейінгі орында тұруы себепті. Тұңғыш ұл — әкенің орынбасары. Отбасын біріктіруші. Кішілерге жол көрсетуші. Алысты ойлаушы әрі қам жеуші. Тұңғыш ұл інілерін кешіреді, сіңлілеріне қанатын әрдайым кең жаяды. Ол інілерін машақатқа салмау үшін машақаттарды мойнына ала біледі. Ол әсерленгіш. Ол отбасы үшін қайғы шегеді, ол бауырларына бірдей жақсылық жасауды қалайды. Інілері жарамсыз шықса, қатты күйзеледі. Бой бермеушіліктен азап шегеді. Тұңғыш ұл жомарт, ешкімді көмексіз тастамайды. Ол ниеті биік, ұлы істерді оңай атқара алады. Ол берекелі, қай іске қол артса, берекелі болады. Ол — әке мен ананың ең жақсы сипаттарын бойына жинай алған жеміс. Тұңғыштар қиындықтарға бірінші болып кеуде керіп шығады. Ол барлық қуаныштарды ұйымдастырып, басқалардың қуанышына қуанады. Ол ерінбейді. Ол тоқтамайды. Оны жеңу мен бағындыру қиын. Тұңғыштар жас кезінде бос-баяу болса да, есейген соң, хикмет пен қуат оларға беріледі. Ол сабырлы, ол тез кешіреді, ол байсалды. Ол кеңесші. Ол басқа перзенттерге қарағанда көбірек аңқау, көбірек жылаңқы және көбірек жеңімпаз. Ол көп ескерту естісе де, көп рухани азап кешсе де, бірақ тұңғыш — ұлы деген сөз. Оның болуы отбасына ұлылық, үміт пен сенім әкеледі.
Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.