Тіл

ҮШІНШІ ТАРАУ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

ҮШІНШІ ТАРАУ ҰЛ

Бірінші бөлім Ұлдың сипаты

Бір отбасында ұл болып өмір сүру қаншалықты абырой болса, соншалықты үлкен жауапкершілік. Ұл — әулеттің жалғастырушысы. Үміттердің шырағы. Отбасының қуаты. Отбасының қорғаны. Отбасының тірегі. Отбасының тамыры. Ұлдың мінезі бәрін шешеді — егер ол кемел ахлақ иесі болып өссе, бүкіл отбасын жарқыратады, әке мен ананы бақытпен өмір сүргізеді; Құдай көрсетпесін, ұл жарамсыз болып өссе, отбасының қараңғылығы, бақытсыздығы, ата-ана өмірінің құлдырауы, масқараның бастауы болады. Ұл бұл ақиқатты есін білген сәтінен бастап ұғуы керек. Ұғуы үшін жағдай әзірленуі тиіс. Ұл байсалды, салмақты, жауапкершілігі мол, қимылдары нақты. Ол аңқаймайды, сылбыраймайды. Ол сезіммен емес, ақыл мен тәртіппен ойлайды. Ол ұсақталмайды, ол ұсақтық пен ұлылықты; мәрттік пен пасықтықты; ізет пен қорлықты терең ұғады. Ол ниеті биік әрі батыл; ол ақылды әрі қорықпайды; ол күшті әрі еңбекқор; ол айлалы әрі салқынқанды; ол мейірімді әрі шапағатты; ол есепшіл әрі алысты ойлаушы. Ұл жасөспірім кезінен бастап дербестікке қадам басады — ата-анадан ақша алу оған ұят; ол өз жүгін өзі көтеру туралы, өлігін біреуге тастамау, арамтамақ болмау туралы ойлайды. Ол көп сөйлеуді жек көреді, қысқа сөйлемдермен мақсатын жеткізудің жолдарын табады; істі тындырып, үнсіз тұруды жақсы көреді. Ол тіліне берік. Былшылдамайды. Бос сөз сатпайды. Жағымпаздықтан жиіркенеді. Екіжүзділік пен өтірікті әсте қабылдамайды. Ұл нәпсісін тыяды. Ол оңаша бұрыштарда басқа отбасының намысы саналған қыздармен — бөгделермен жеңілтектік жасаудан арланады. Көше-көйде, арба-көлікте қыздармен ыржаңдап, қылмыңдап, былшылдап жүруді масқара, бетсіздік деп біледі. Ұл жібін үзген бұқа құнажын мен сиырдың соңынан жүгіргендей бөгде әйелдер мен қыздардың соңынан құмарлықпен жүгірмейді; ол өзін берік, таза әрі пәк ұстайды; ата-ана таңдаған қызға көңіл қояды, ата-ана тапқан қызға үйленіп, оны аялайды; соған ақылын, жүрегін көндіреді; көңіл деп, нәпсі деп қыңсыламайды; егер бір пәк қызға көңіл қойса, оны өзіне адал жар ету үшін ата-анасына ұят пен хикметпен білдірудің жолын табады. Жылаңқырап, дәрменсіздікпен мыңқылдап жүрмейді. Ұл ата-анаға қызмет пен тәтті сөзбен қуаныш сыйлап, ризалықтарын алады. Ол төзімділік пен табандылықтың иесі. Ұл шағымшыл емес, ол шешуші. Ол ішімдікпен өзін қорламайды, құмармен айналыспайды, азғындықпен құрдымға кетпейді. Ол шешімдерінде табанды; қанағатшыл. Ол ашушаңдық, мылжыңдық сияқты сипаттардан аулақ. Ол есін білісімен күшті болады; жоспар мен тәртіппен жұмыс істейді; ерік-жігерін шыңдайды. Ұл ілімді сүйеді, ілім иелерін қадірлейді. Ілім жолына түссе, шынайы ғалым болады; өнер не кәсіп жолына түссе, шеберлік пен кемелдікте биіктейді. Ол өз жолын тапқанша күреседі, тапқан соң, сол жолда берік тұрады. Ұл — отбасының сарбазы. Әкенің сенімі мен тірегі, ананың сүйеніші мен жұбанышы. Ол әкенің кеңесіне амал етеді, әміріне бағынады, ананы аялайды. Өйткені ол — ҰЛ.

Акром МАЛИК

5 620рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    ЕКІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНЫҢ ЖҮРЕГІ — АНА Жәннат аналардың табанының астында. Бұл ақиқатты бүгін тек перзенттер ғана емес, аналардың өздері де ұғынуына қажеттілік бар. Жәннат табанының астында болуы…

    3 мин

    БІРІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ Үшінші бөлім Әкенің отбасындағы саясаты Басы: 👉 1-бөлік. 👉 2-бөлік. Отбасында бірнеше перзент арасында әділдік болуына әке ерекше назар аударады.…

    2 мин

    БІРІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ Үшінші бөлім Әкенің отбасындағы саясаты (Басы. Жалғасы) Әкенің ұл мен қызға деген көзқарасы әртүрлі. Қызға қатты сөйлемейді, тек жұмсақ сөйлейді. Әкенің…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.