ҮШІНШІ ТАРАУ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
ҮШІНШІ ТАРАУ ҰЛ
Бесінші бөлім Аға-інілер
Аға-інілер ұрыспайды. Олар қызғаншақ емес. Олар өзара мейірімді, серік, жомарт пейілді. Ағасы інісіне жасаған жақсылығын санамайды. Інісі ағасына көрсеткен көмегін міндетсінбейді. Аға-інілер бір-бірін әсте шетте қалдырмайды: олар жиналып, ата-анаға сыйлықтар әзірлейді; жиналып бір-біріне көлік, үй алады; бір-біріне жақсылық жасауда жарысады. Бұл ережені бәрі бірдей орындаса, бәрі разы әрі көңілді. Егер бір жақ орындап, бір жақ жауапсыздық жасаса, іс бұзылады. Аға-інілер әрдайым бірлікте болып, бір-бірінің қателерін кешіреді, мінезін көтереді, аға арба мінгенде іні жерде қалмайды; іні көлікпен ұшқанда, аға жаяу болмайды. Іні тіпті ағадан ұялып, көлік міне алмайды: ағамнан бұрын қалайша деп ойлайды. Алдымен ағам, сосын мен дейді. Аға да ең жақсы нәрселерін ініге арнайды. Аға-інілер арасына араздықты әйелдер салуы мүмкін, сол себепті аға-інілер өз әйелдеріне бауырларын ғайбаттамайды, ағам, інім деп аузынан бал тамады. Перзенттеріне көкең менің орныма әке деп ұқтырады. Аға-іні бір-біріне көмектесу үшін жер бетінің кез келген бұрышынан жетіп келе алады. Аға-іні өзара ынтымақтан бақыт сезінеді. Аға-іні ең бірінші жақсылықты бір-біріне арнайды. Аға-іні ата-ананы ренжітпеу үшін өзара кемшіліктерін жасырып, ата-анаға тек жақсылық, көркемдік көрсетеді. Аға-інілер арасынан адасқан біреу шығып қалса, мейірім мен шапағат, тәрбие мен ескертумен тура жолға қайтара алады. Аға-інілер перзенттерінің тату-тәтті болулары үшін жағдай жасап, бір-бірінікіне жиі қонақ болады. Асар ұйымдастырады. Аға-інілер арасынан қыл өтпейді. Аға-інілер ынтымағы әлемдерді жаулайды, араздығы жаһанды өртейді. Аға-іні бір-бірінен әсте бас тартпайды, әлемде аға-іннен жақынырақ қай қандас бар тағы?! Ағаның ескертуіне, нұсқауларына іні бой ұсынады, ағаның әмірі іні үшін әке әмірінің орнында. Іні ағаның сөзін жерде қалдырудан ұялады. Аға ініге әрдайым бас және ешқашан оны өз күйіне тастамайды. Аға інінің отбасына, іні ағаның отбасына тәрбиеші ретінде де, басқа қажеттіліктер жағынан да қамқор әрі жауапты.
Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.