Тіл

Біреу хабар әкелсе, бірден сеніп кету жарамайды. Көңілге келген әрбір күмәнді де тез тілге шығару дұрыс іс…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Біреу хабар әкелсе, бірден сеніп кету жарамайды. Көңілге келген әрбір күмәнді де тез тілге шығару дұрыс іс емес. Маңызсыз сөздерді сөйлеген адамның рухы сынады. Қалаған әрі күткен хабар келсе де, тоқтау керек. Бәлкім, ол рас болмаса ше? Әрине, хабардың көзін тексеру қажет. Ақиқат анықталуы үшін баяндалған оқиғаның ұсақ-түйегіне дейін білу керек. Әрине, егер сол ақиқатқа адам шынымен мұқтаж болса. Өйткені әлемдегі өте көп ақиқаттың адамзатқа керегі жоқ. Мысалы, достың ғайбаты, көршінің табысы, біреудің күнәсі... сияқтыларды білуден кісіге пайда жоқ. Біреудің қателік жасағаны туралы білу де зиян, өйткені қателескен тәубе етсе, қатесі жасалмағандай жабылады; оны білудің қандай да бір пайдасы қала ма сонда? Бір оқиғаға қарап, одан кейінгісін айтудың қайыры жоқ. Егер оны айтудан ешқандай пайда болмаса. Егер көңіл бір маңызды оқиғаны сезсе, белгілер мен нышандар оның болатынынан хабар берсе және оның болуы адамдар өмірінде бір нәрсені өзгертсе, міне, сол оқиғаға дайындалу үшін оны болжам мағынасында айту мақсатқа сай. Адамды өлтірсе, керексіз сөздер өлтіреді. «Естігенінің бәрін айта беру — кісінің өтірікші екенінің дәлелі». «Сөйлесең, жақсы сөз айт, болмаса, үндеме». «Үндемеген — амандықта». «Бір пасық хабар әкелсе, оны міндетті түрде тексер».

2 900рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Жастарды таза әрі пәк болады деп білуші едім. Кейін белгілі болды, жастар арасында да айлакер, екіжүзділері…

    Саған жақсы қарап, ата-анасына әдепсіздік жасайтындары бар екен. Бұлар — опасыздар. Сені тек ісін бітіріп беретін құрал деп қарайтындары көп екен. Бұлар — пасықтар. Саған өзін…

    1 мин

    Ақша мен мал-дүние себепті керілу — ақымақтық, болғаны. Адамдардың тәндік кемшілігіне күлу — надандықтың шыңы.

    Әдепсіздік — надандықтың тамыры. Әдепсіздер қорлыққа мәжбүр, өйткені әдепсіздің ақылы сал. Дүниесіне сеніп, өзгелерді кемсіткендер өте аянышты жағдайда.

    1 мин

    Адам өз тілектерінің дереу орындалуына құмар: тез бай болайын; тез ғалым болайын; тез үй алайын; тез көлік…

    Шын мәнінде, жүректе бір ниет, бір қалау оянса, жүзеге асса екен деп жүректің алқынбағаны жақсы. Сел барлық жерді бұзып, тез тынады. Сай неғұрлым шулы болса, соғұрлым қуаты әлсіз.…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.