Тіл

Сыр — ең ұлы күш, ең берік құдірет. Ер адам сырын берсе, жұмыртқадан жаңа шыққан балапандай қорғансыз әрі…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Сыр — ең ұлы күш, ең берік құдірет. Ер адам сырын берсе, жұмыртқадан жаңа шыққан балапандай қорғансыз әрі әлсіз күйге түседі. Барлық күйреу мен жеңілістер сырды жоғалтудың салдарынан болған. Ер адамның сыры не? Бірінші сыр — қуат, күш және мүмкіндік. Қуатыңның шегі туралы ешқашан білдірме. Күшіңді жасыр. Ешкім шамалай алмасын. Екінші сыр — қаржы. Қалтаңда қанша бар, айына қанша табыс табасың; қанша шығын мен зиян көріп жүрсің — жария етпе. Ешкім байлығыңның мөлшерін білмесін. Үшінші сыр — әйел. Әйелің кім, қандай, олар нешеу — айтпа. Ұрсасың ба, келісе алмайсың ба, көңілің қала ма — айтпа. Әйелді досыңнан да, дұшпаныңнан да жасыр. Демек, күш — құпия. Дәулет — құпия. Әйел — құпия. Төртінші сыр — жоспарлар. Не ойладың, нені көздеп жүрсің, нені күтіп жүрсің — жасыр. Ешкімге есеп берме. Бесінші сыр — сапар. Қайда, не үшін, қанша уақытқа кетіп барасың, кіммен кездесесің — айтпа. Алтыншы сыр — достар. Кіммен, қашаннан бері доссың, ол саған қандай жақсылық жасаған — айтпа! Доссыз қалғың келсе, әлемге дастан қыл, тез айырыласың. Жетінші сыр — дұшпандар. Кіммен, неге және қашаннан бері араздасып жүрсің — айтпа. Дұшпандарың тіл біріктірмесін десең, ертең дұшпандарым қуат таппасын десең, үндеме. Сегізінші сыр — ғибадат пен ихсан. Нәпіл намаз бен оразаларыңды, садақа мен қайырларыңды сақта, ешкімге жария етпе. Тоғызыншы сыр — ұстаз. Кімнен қандай дәріс пен сабақ алып жүрсің, құпия ұста. Бұл сырларды тек ата-ана мен ұстаз ғана білуге хақылы. Басқа ешкімге ауыз ашпа. Осы қасиетті қалыптастыр. Өзіңді мәжбүрле. Сене бер, сен ұлы адам болып жетілесің. Ақымақтар ғана сыр сақтамайды. Ешқашан ақымақ болма. Сырыңды алдымен өзің жасыр. Біреуге сеніп айттың, ол жария етті ме — қайтып оны дастарханыңа жуытпа. Қандай жағдайда да ол — опасыз, ал опасыз ешқашан адам қатарына саналмайды. Ол жоқ, ол жай ғана бір мақұлық, болғаны.

Акром МАЛИК

3 160рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    АЛТЫНШЫ ТАРАУ

    ОТБАСЫН ҚҰРУ Бірінші бөлім Қажеттілік Рисаламыздың негізгі бөлігіне келіп жеттік. Отбасын құру — өмір саудасы. Әрбір жігіт пен қыз отбасын құру өміріндегі ең маңызды мәселелердің…

    5 мин

    Ібілістің сипаттарының бірі — торығушылығы. Яғни ібіліс — торығушы әрі мұңлы. Ол Құдайдан үміт үзген және…

    Торыққан адам ертеңнен жарық көрмейді. Барлық оқиғалардан тек қасірет пен азап іздейді. Ал үмітті адам әрдайым жеңілдік пен қуаныш, шаттық пен рахат үстінде болады. Адамның…

    3 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.