Тіл

Ұмыту — ұлы нығмет. Егер ұмыта алмаса, кейбір естеліктер адамды құртады.

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Ұмыту — ұлы нығмет. Егер ұмыта алмаса, кейбір естеліктер адамды құртады. Сірке суын қараңғы жерге қойып, қанша ұзақ жыл сақтасаң, соншалық күшті болады екен, қуаты арта түседі екен; адам жүрегінде қалған кейбір естеліктер де сірке су сияқты, оны жүрек түкпіріне, қиял бұрыштарына лақтырған сайын және одан қашқан сайын ол сені қуады, сірке су сияқты қуат алып, бүкіл болмысқа әсері арта береді. Қайырлысы, Құдай ұмыту нығметін сыйлаған. Бірақ ұмыту үшін уақыт өтуі керек, ал уақыттың өтуі — өмірдің азаюы. Адам өзіне азап беретін естеліктерден құтылу үшін, осылайша, өмірінен жылдарды жағады, жылдар өткен сайын ұмыту ошағының отын жағады. Бәрібір, күшті болу керек, өмір сүру үшін, тіршілік үшін күшті болу қажет. Адамдардың ішінен біреудің мейірім жасауын күту — надандық, адамдар залым; ешкімде өзі сияқты адамға жаны ашу сезімі жоқ; адам басқалардың жанашыр болуына үміт арта алмайды және басқалардан жанашырлық күтпеуі — ең дұрыс шешім. Адамдарға жүрек ашпау керек, мәжнүн сияқты шөлге шығып, жабайы аңдарға көңілді ақтару керек, олардың қарастары дертіңді тыңдап, залымша қараған адамдардікі сияқты ауыр батпайды; шынайылық пен бойұсынуды адам баласы білмейді; мүмкін болса-ау, адамдардың аяғы жетпейтін жерлерге қашса адамзат... Бәлкім, дүние мен оның ахлындағы зұлымдықты, мейірімсіздікті көрген соң, әлем сахнасы өмір сүру үшін бір зындан екенін түсінген соң, ақырет мекеніндегі ауласын абаттандыруға тырысар пенде... Бәлкім, өз Жаратушысына осылайша жақындар құл. Бәлкім, осындай сәттерде өзі туралы барлық білгендерін жаулардың қиялынан сыпырып тастап, өзін болмағандай ұмыттырып, өзі де жоқтықтың тереңіне ізсіз әрі үнсіз кетуді қалар бейшара жәбірленуші... Бәлкім, өзіне біреудің жаны ашуын да, жанашырлығын да, залымдардың ол тартқан азаптардың мыңнан бірін көруін де қаламас дәрменсіз науқас жүрек... Шынында, ауыру мен азаптар — бір қазына, оны жат пен жауларға бермеу керек. Су қайнаса, одан кемінде бу шығады; азап шеккен адам кемінде аһ ұрады; немесе өз қайғысын айтады; бұл қайғы бөгделердің құлағына жетпеуі үшін бөтендер түсінбейтін тілде сөйлеу керек.

6 090рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Ібілістің сипаттарының бірі — торығушылығы. Яғни ібіліс — торығушы әрі мұңлы. Ол Құдайдан үміт үзген және…

    Торыққан адам ертеңнен жарық көрмейді. Барлық оқиғалардан тек қасірет пен азап іздейді. Ал үмітті адам әрдайым жеңілдік пен қуаныш, шаттық пен рахат үстінде болады. Адамның…

    3 мин

    Өз мінезі туралы қамығатын, өз әдебі мен инсабын талдайтын және көркем ахлаққа ұмтылатын адамның әрқайсысы…

    Жақсылар күнә мен қателіктен азап шегеді және ешқашан пасықтықтың тырнағында қалып қоймайды. Олар насихаттан әсерленіп, Құдайдан жасырын жылап, жалбарынып тура жол сұраушылар.

    1 мин

    Бұл әлемнің ісі қызық.

    Айтылуынша, мұнафықтықтың саналған белгілері төртеу: 1. Сөйлесе, өтірік айту. 2. Уәде берсе, орындамау. 3. Аманатқа қиянат жасау. 4. Келісе алмай қалса, бұзақылық жасау (боқтау,…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.