Тез нәтиже болмайды. Біреудің ризығы кең болып, жас кезінде байып кетуі мүмкін. Бірақ бұл ғұмыр бойы дәл…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Тез нәтиже болмайды. Біреудің ризығы кең болып, жас кезінде байып кетуі мүмкін. Бірақ бұл ғұмыр бойы дәл осылай ақша ағып келіп тұрады деген сөз емес. Көңілден тез нәтижеге жетемін деген қиялды, дәлірек айтқанда, уәсуәсаны шығарып тастаған адам тыныштық табады. Бір бала 9 ай мен 9 күнде туылады. Бір жігіт 20 жасында тәндік, ақыл жағынан өмірге дайын болады. Адам 40 жасында кемелдікке жетеді. Жемістердің пісуі үшін де уақыт керек. Не тез бітіп жатса, ол табиғатқа жат. Жастардың тез нәтиже шығарамын емес, адал еңбек етсем, машақаттарға шыдасам, сабыр етсем, тоқтамасам, піскен әрі нақты нәтижеге жетемін деулері мақсатқа сай. Сол нәтиже бәлкім 10, бәлкім 20 жыл уақытты талап етеді. Біреу шығып, сізге тез нәтижеге жету үшін бес шартты айтамын, соны орындасаңыз, нәтижеге жетесіз деп айтып жатса, ол – өтірікші. Ол сіздің назарыңыз есебінен күн көргісі келеді – көрілімдер санын арттырып, сізді аулап, ақшаңызды қолға түсіргісі келеді, бірақ орнына ештеңе таппайсыз. Қойыныңыздың қуыс жаңғаққа толғаны және оның арбаны бос алып қашқаны қалады. Жер мен көкті Құдай алты күнде жаратқанының астарында пенделерге асықпау және байсалдылық тәрбиесі берілген дейді тәпсір ғалымдары. Құдай асықпайды екен. Адам неге асықсын? Шайтан асығады екен. Асығуға шақыру – шайтанға еліктеп кет деген сөз емес пе? Саланы таңдаңыз, ерінбей ілім алыңыз, біліктілік жинаңыз, кеше жұмыртқадан шығып, дауыс перделерін жыртып шақырып жүрген балапан әтешке қарамаңыз, кемінде 20 жылға арнап жоспар жасаңыз: ілім, біліктілік, кәсіп, шеберлік; үйлену, көлік, үй, тұрақты табыс, сенімді жинақ және тағы басқа. Бүгін тауып, ертең жат бір мемлекетке саяхатқа барып жұмсап келемін деп емес, тыныш өмір, рахатты жүрек, аман-есен тұрмыс үшін. Үлкен уәде бергеннен қаш, ол міндетті түрде сені алдап жатыр. Үлкен уәде беруші алаяқ болады.
Акром МАЛИК




Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.