Тіл

Сабыр

Саған рақмет, саған алғысым,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Саған рақмет, саған алғысым,Саған мейірім, мейірбан Уақыт!Ақырын-ақырын еттің мені азат,Бұл іс болса да машақат.Қаны қатты жараларымның,Ауруларым басылды, шүкір.Жуылды енді қаны — қанжарларБатқан еді жүрекке терең.Анда-санда еске алам шарасыз,Шаншу берер ащы естелік.Тезірек шауып уақыт атты тұлпар,Кетсем тағы алыстарға бет алып.Уақыт өтпесе дер едім бір кезде,Тоқтап қалса, мейлі, дер едім.Бірақ бүгін бұл не хал, ғажап,Тезірек өтсін деуге келдім.Көрінеді бақыт жарқырап,Көрінбейді нұрлардың шегі.Бірақ қараңыз, бақытыма қарсы,Уақыт деген жүруде баяу.Акром МАЛИК
Саған рақмет, саған алғысым, — фото

2 330рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.