Тіл

Иман

Қате жасау – пенденің ісі,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Қате жасау – пенденің ісі,Қатеге душар адамның заты.Бірақ қателескендер ішінде күмәнсізТәубе еткенінің бар құтылуы.Шайтан өз ісінен тартпады өкініш,Тәкаппарлық арқанына өзін асты.Бірақ қатесін мойындаған соң Адам,Тәубесі тозақ отынан тосты.Айқын ақиқаттың баяны мынау:Пенде қатесін мойындамаса,Тәубе табалдырығына қоймаса басын,Кешірім тілемесе айтып истиғфар –Дәл ібіліс мінезі – оның мінезі,Және лағын тағдырын алар мұра.Бірақ тәубе тілеп жылап келіпті,Демек, ол – әкесіне лайық перзент!Демек, сыйға тартылар оған да әлбеттеҰлы Құдайымның рахметі, кешірімі.Ғажап емес, басынан арылса бейнет,Шегінсе жанынан тозақ қаупі!Ақылыңды іске қос, ей, бейшара адам,Неге ауруларың тәубеге апармас?Мойындамайынша әр кемшілікті,Басыңнан бәлелер қамшысы кетпес!Құтырған нәпсіңді тізгіндеу үшінРаббыңнан көмек сұра, үмітті үзбе.Нұрдан тұратын бір аңғар тұрғандаҚараңғылық далаларында тентіреп кезбе.Ұмытпа, махаббат – әлемнің мәйегі,Мүмкін емес өмір сүру махаббаттан бөлек.Негізінде, махаббаттың дәлелі –Шын жүректен жылау және кешірім сұрау.

3 780рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    ЕСЕЮ

    Жүректі қайғылар билесе ащы, Жаныңа жетпесе ауалар мүдам —

    Даналық

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.