Тіл

Даналық

Хақ сөз үшін көксіңе ұрса қанжар,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Хақ сөз үшін көксіңе ұрса қанжар,Мәртебе мұнан асып болмас, әлбетте.Ақиқат – нұр, одан үкілер қашар,Бірақ таудай ауыр болар ақиқат.Иығыңа алдың ба, көтермегің шарт,Ақиқат жүгінен бүгілме, талма.Хақтың қызметінде болмас әрбір мәрт,Қызметке кірдің бе, көзге жас алма.Ақиқат соншалық ащы әрі өткір,Шыңғырар сол себеп нәпсі доңыздай.Ақиқат жолына әсте қорықпай кір,Бұл жолда көрінбе бейшара, мұңлы.Ұмытпа, ақиқат – Хақтың сөзі,Ақиқат – Набидің жүрген жолы.Ақиқат алдында мәрттер – қозысы –Құрбан болмақ үшін жүгіріп барған.Әкеңе ұнамасын, бәлкім анаң даХақ сөзге басын имесін, мейлі.Тіпті Хаққа қарсы тұрсын бүкіл әлем,Хақ өтірікке айналмас солар себепті.Ақиқаттың сұлбасын, сипатын әстеАқыл көре алмас айқын әрі жарық.Ақиқат алдында ақыл-кулл – соқыр,Оны ұғынудан әрдайым ада.Өйткені Ақиқат – бұл мүбәрак мұра,Әулиелер қойнынан қалған бізге.Әулиелер ізіне аяғыңды басЖәне бұл мұраны алып сүрт көзге.Ақиқат! Қаншалық ұлы мәртебесің!Күндей жарықсың, аспандай ұлық.Шын мәрттер көздеген мекен – мақсатсың,Саған сапар шегу – құтты жеңіс.Әрине, сені танып-білу де мүшкіл,Нәпсілер көзге пердесін жапқан соң.Жүзіңе қараймын, боламын дәрменсіз,Ұмытып құлдардың әлсіз ызасын.Саған ғашық болу – қандай зор бақыт,Сенің айрылығыңда жану – не рахат!Екі дүние үшін сенсің ұлы тақ,Екі дүние үшін сенсің мәңгі нұр!08. 11. 2024.Акром МАЛИК

2 410рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.