Тіл

Махаббат

Ғашық болғалы Саған, әй, мағшұқ,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Ғашық болғалы Саған, әй, мағшұқ,Ғышқтың шыңына шықпақ қалармын.Тәнімді қаптаса көзің атқан оқ,Аһыммен пәлекті жақпақ қалармын.Сенсіз бір сәт те көңілім ашылмас,Сенсіз бұл әлемнің ләззаты сезілмес.Қанша бәйіт айттым – құмар басылмас,Ғышқың дариясында ақпақ қалармын.Дүниенің уайымын білмесе ақылым,Еш дана сөздерді айтпаса нақылым.Бүкіл болмысымды билеп жүрегім,Ғалам базарын жықпақ қалармын.Қайдан келді білмеймін – тағы бұл сауда,Сенің жолдарыңда мен тіленші гадай.Көңілімнің түбінде бір ғана сада –Сенің есіміңмен қалмақ қалармын.Сен болсаң. Мен болсам. Басқа болмаса,Не ғам, не қуаныш – ешбірі келмесе.Уақыттың дариясы да әсте толмаса,Тек ғышқыңмен толмақ қалармын!..Қашан көздерімді нұрлы еткейсің?!Қашан ғышқ тақтасына сөзің жазғайсың?!Қашан уысал жамын маған ұстарсың?!Сенің қолдарыңда өлмек қалармын...2024Акром МАЛИК

2 050рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.