Тіл

Өмір

Уақыт үнсіз жүреді асықпай, айбатты,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Уақыт үнсіз жүреді асықпай, айбатты,Көтермес ешқашан шу не шоқпар.Өзіңді сезесің күн сайын хақир,Әр күн жүрегіңе жауып тұрар қар.Кеңістікке жайылып кеткендей түтін,Төсте жеміріліп кеткендей бүтін,Сөздерден бас тартып, жұмасың көзді –Дүние аспанында көрмеген соң тірек.Біл, сен де бір үйме жүк болып қалдың,Ақыры, мейірге қас болып қалдың.Дәнім толық деп айтқан сөздеріңе қарсы –Сынақтар қолында қуыс болып қалдың.Ойламас едің жылан шақпас па екен деп,Не көктен от түсіп жақпас па екен деп.Бүгін иығыңды бүгіп қадам басасың –Басыма тағы тас жаумас па екен деп.Тіпті қызық емес – әлемдегі сөз,Түрлі мінезді Адам ұрпағындағы сөз.Әрине, ұқтың, бүгін сай келмес –Кешегі мереке, қаралы күндегі сөз.Өмір – тәжәллилер гүлбағы болар,Мінезің – істеріңнің бұлағы болар.Істерің тағдырдың кейпіндеӘр сәт қарқынмен алдыңнан келер.Демек, өзің – науқас, шипа керек,Өзіңе өзіңнен ашылу керек.Бар да өзіңе қарсы әскер тартып сенЖәне жең – өзіңе патша керек.Кейде түзу жүріп, кейде адасудасың,Өмір кітабыңа сөз жазудасың.Бұл – қорқынышты, бірақ ұлы мәртебелі сапар –Өзіңнің ішіңде жол басып келесің.14 тамыз, 2024 жылАкром МАЛИК

2 970рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.