Даналық
Алла әмір етті садақа бер деп,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Алла әмір етті садақа бер деп,Бейшара, аштарға қыл садақа.Адам өмір сүрмесе бір-бірін сүйеп,Әлемі дүниеде болар ма құтылу?!Бірақ ұмытпа, ей, қымбат адам,Әр істің ілімі бар, үйренуі бар.Ілім алмай істесең, өкінерсің,Ғалымдарша істің кемелдігі бар.Егер тасып жомарттығың, жүрегіңе кенетСадақа беруді мақсат етсең,Міскіндер халінен болсаң хабардар,Олардың көңілін бақытты етсең!Ең әуелі ниетті қыл таза, пәк,Біл, Хақ әміріне міндеттісің!Хаққа мойынсұнбай, өзің инсап қыл,Мүмкін емес көңілге толуы шаттық!Ғибадат, тағатқа бел буарсың,Сәждеге басыңды қоярсың ықыласпен.Амалдарыңды ұшырмасын жел,Хақ әмірін орындамаған рахметтен алыс!Енді садақаға дайындалсаң, жарасар,Енді тапқаныңнан садақа бер.Бірақ тағы бар бір нәзік сыр,Өзің еңбекпен тапқан болсын нан!Біреудің ақшасын алып біреугеБеруің не қызмет, не жомарттық болмас!Жаныңды салма, ақыры, отқа,Пендеге Құдайдан ризық нәсіп болар.Күнәһар адамның күнәсі үшінКөмекші болма, сақ бол.Күші бар, сау кісінің аһ-уаһы үшінҚайыр берме, мұқтажбын десе де.Керісінше елге таста зерек бір назар,Ең әуелі ғалымдар халін біл.Соң жетім, жесір, науқас болғандар,Құдайшыл міскінге садақа бер.Шын мұқтаж, негізі, садақа тілемес,Шын бейшараның халі ұялшақ.Халінен шағымданудан соншаҰялып, ұяттан тістеп тұрар тілін.Енді өз ақшаңнан бердің бе садақа,Адамдар білуін армандама.Егер адамдарға жария етсең,Енді салмағы болмас таразы тартса.Яғни бекерге кетер ол ісің,Өйткені сендегі мақсат – шөһрат екен.Сол үшін жақсылықта ықыласты бол, ісіңХаққа мақбұл болсын ықыласың себебінен.Оң қолың бергенді білмесін сол қол,Елдің білуіне берме рұқсат.Әрдайым садақа мен жақсылықта бол,Бірақ ұмыт: «Мен істедім!» сөзін.Өйткені Раззақ Алла, дәнекер етіп,Саған лайық көрді Құдай бұл істі.Істің шын иесі кім екенін біліп,Қалай талап етерсің мақтау, алғысты?!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.