Тіл

Даналық

«Мейрамыңыз құтты болсын» деп келді шәкірттер,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

«Мейрамыңыз құтты болсын» деп келді шәкірттер,Әдемі сөздермен, сыйлықтармен.Ұстаздың жүрегінен жуылды дерттер,Жүзінен қайғылары кетті бір жола.Тәтті сөздерді тыңдап кішіпейіл,Барлығын бауырына басты тәрбиеші.Ақырын сөз бастап сабырлы, айбынды,Деді: «Сіздерге мейірім болсын мәңгі!Алғыс айтқыңыз келсе егер,Әсте қажет емес шегу машақат.Егер білсеңіздер – ілім қандай алтын,Оған амал етіңіз ықыласпен тек.Әрі тағы ілімді аманат біліп,Оған қондырмастан тозаңдай шаң,Жас ұрпаққа жанкешті болып,Ілімді жеткізіңіз – тамам болды шарт.Ілім нұрдай жарқырап Адам ұрпағында,Бақытсыздық апатын кетірсе жырақ,Бұдан үлкен алғыс бар ма әлемде,Құттықтау табылар ма бұдан жақсырақ?!»Акром МАЛИК

6 460рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.