Тіл

Махаббат

Сені жақсы көргім келмейді кейде,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Сені жақсы көргім келмейді кейде,Өзгелер де жақсы көргені үшін.Мейлі, ғашықтығым қалсын жүрегімде жасырын,Қиялың алаң болып жүргені үшін.Қашан да бір ажыраса ақ пен қаралар,Кетсе айналаңнан ісі біткендер,Сонда көрсетемін жүректі жаралап,Көңілді пара-пара етіп кеткендерді.Есіңе уайым түспесін деп,Бар екенімді тіпті білмесең деймін.Саған тимесін деп бір жүздің ұшы,Өзіңе білдірмей қамыңды жеймін.Қанша қам жесем де, тоймаспын, бәлкім,Бірақ жүзіңмен көңіл тоқ болар.Ақыл әлсіз қалған сондай бір хал бұл,Бір қарасам, барша дерт ұмыт, жоқ болар.Акром МАЛИК

3 470рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.