Өмір
Жасым он жеті, он сегіз, он тоғыз,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жасым он жеті, он сегіз, он тоғыз,Жиырма үш еді, не жиырма төрт.Қысқасы, бозбала едім, бірақ әстеӨзімді білмейтінмін піспеген не морт.Майдан көрмей тұрып арыстан едім, ақыр,Мойын имес едім таулар алдында.Насихат етсе кім, көрдім кем деп,Кезуді сүйетінмін бақтар алдында.Хақ сөзге етпейтінмін тозаңдай төзім,Тек мен білгенім хақ еді, тамам.Шын мәнінде нәпсіме сақтап адалдық,Шайтанға еріп жүргенмін үнемі.Пайдамды сөйлесе жақсы адамдар,Құлағымды жауып қашқанмын жырақ.Өйткені жүректе қам, көзде жоқ ылғал,Қолымда желбіреп тәкаппарлық атты ту.Сонша көзімді жапқан перде,Сонша санам түнекте қалған –Ақыл ақымақтыққа шөгіпті, ғажап,Менмендік барымды қолымнан алған.Сыртқы түріме мүлде мас болып,Әлем ішінде кемел адам едім мен.Дерт пен қам иелеріне көз қырын салмастан,Бәрі кінәлі, аппақ едім мен.Бір ауыз сөзбен сындырдым, мың аһ,Ондаған көңілдерді ойсыз, мейірімсіз.Тек өз атыма болып тілектес,Даңқ пен атақ еді арманым тек.Құтырған нәпсі қанша құтырса,Оған қажет болар лайық жаза.Енді ауыртпаса оны бір тікен,Енді қамшы алар қолына қаза.Қамшылар астында кешірдім жылдар,Әлі де денемде дүре ауыруы.Әй, нәпсісіне ғашық, нәпсісіне құлдар,Сізді күтуде нәубет жүзі.Әй, хақ сөзден жүзін бұрған әзизім,Шынымен, қаламайсың ба жаныңа құтылу?!Менікі емес айтқан бұл сөзім,Бұл сөздің иесі – осы ащы өмір.Егер қабылдамасаң насихат інжуін,Егер ғаріп қалса қасыңда ұстаз;Енді әр халіңе амалын көріп,Тәрбиеңмен айналысар өмір.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.