Тіл

Өмір

Жоғалту ауыр, жоғалту ащы,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Жоғалту ауыр, жоғалту ащы,Бір бөлшегің кеткендей болады, әттең.Әрбір жоғалту – жүректе шаншу,Тастамай өмір бойы рухыңа серік.Ең алдымен сау болсын ата-анамыз,Ұзақ жыл жасасын шат, алаңсыз.Олар басымызда – шатырымыз,Жүректері көрмесін ешқашан қасірет.Ата-ана бізді туды, өсірді,Бірақ жарық жолды көрсетер ұстаз.Өмірдің ең қиын, азапты шағындаСаған ұстазыңнан келер медет.Өйткені қамдарыңды жасыру уәжіпЖүдеу ата мен анаңнан, әлбетте.Сондықтан ұстаздың бауырына қашыпБаруың жөн, шексең машақат.Ұстаз жолсыздықта жолға салар,Қараңғы түнекте жағар шырақ.Артыңнан дұғалармен қолдар,Қанша кетсең де алыстап, жырақ.Сондықтан ұстаздар аман болсын,Таудай төзімділік берсін Құдай Тағала.Кімнің ұстазы бар, қадірін білсін,Оны жау жеңе алмас, қанша тырысса да.Сен ағаш болсаң егер, ұмытпа, әй, ер,Тік тұруға жетпес әсте әлің,Сен үшін жылап, дерт шекпейіншеҚұдай тағдыр еткен халал жұбайың.Перзентің мен бағың үшін сау болсынАр-ұятта берік үй ішің.Аяғыңның астында жасырын тау болсын,Басың аспандарға жетуі үшін.Бала – жүрегіңнен өнген жемісің,Үзілсе, дірілдер бүкіл әлемің.Бала – сенің сырың, сенің мәнерің,Онымен өсер қуаныш пен қамың.Балаң науқас болса, халіңді баянЕтуге жетпес сөз бен кәлам.Балаң жыламасын, күлсін әрқашан,Балаң бақытымен күндіз – кештер.Басыңа кенет жауса бейнет,Көтеруің үшін иық керек.Тастамасын адал таныс пен дос,Шын достар таудай Саған тірек.Аман болсын үнемі опалы дос,Ауру не екенін ол білмесін еш.Басына жауса да жаңбыр, бұршақ, қар,Жаулар қасында жығылмасын еш.Сен үшін жан шегер ағайын-туыс,Бақытың – аға-інің, апа-сіңлілер.Әрбірі жұлдыз, әрбірі күн,Аман болсын бәрі – таза көңілдер.Құдайым, рақым қыл құлдарыңа Сен,Әлсізбіз бәріміз күзгі жапырақтай.Ұлы Құзырда шаһ пен қайыршы тең,Жерге шашыламыз бір күн топырақтай.Өзің қолдамасаң, халіміз нашар,Жүрекке жарықты Өзің шабыт етіп сал.Бізді адастырмасын алдамшы сағым,Өзіңе жол баста, жетер, уәссәлам.Акром МАЛИК

2 620рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.