Сабыр
Сабыр ету қиын. Өйткені Құдайым
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Сабыр ету қиын. Өйткені ҚұдайымПендеге қай іс машақат болса,Сол істің мәртебесін етті берік,Пенде мәртебе нұрына толсын деп!Әдеп әркімнен де табылмас гауһар,Анқа тұқымы – көркем мінез де.Әдеп киімімен шеккен сапарЖәннат есігіне жетер сәнденіп.Тәрбие – сүйектің өсуіндей сөз,Сүйек ауыртады өскен сайын.Егер тәрбиені ете алсаң талап,Ащы ауруларға ұшырауың анық.Сабыр. Әдеп. Көркем мінез. Тәрбие бүгінАдамзат арасында көктемей қалды.Көкірек көзіне байланды түйін,Нәпсі баршамызды тұтқынға алды.Сонша неге тулап кеттің, ей сырласым,Сонша уды қайдан таптың?!Әдеп гауһарын сындырдың, сөзімніңКөшетін аямай соқырша шаптың.Раббым көміп қойған нығметтер үшінШүкір ету неге сонша ауыр?!Қасіреттен алыста жасайсың бүгін,Сенің бүлігіңнен жүрегім ауырар.Құтырған нәпсің – ит. Ит бар мекендеПеріштелер болмас, ұмытпа, әй кісі.Сансыз махлұқтар бар жаһандаСенің болмысың жалғыз емес.Неге Хақ сөзіне салмайсың құлақ,Неге тасқыныңда көрінбес жаға?!Көргенің негізі – мейір, бірақӨз мейіріңе болдың әрдайым қатыл.Құдай жақсылығыңды берсін, асықпа сонша,Сәл ақылың көзін таза қыл, мөлдір.Алдыңда нығметтер дариядай ағар,Құдайдан сәл қорық, инсап қыл, инсап.08. 11. 2024.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.