Махаббат
Өлең жазу мен үшін машақат, әй дос,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Өлең жазу мен үшін машақат, әй дос,Ойнап-күліп әсте айта алмаймын сөз.Өлең үшін жүрегім күймегі керек,Не біреуді күйіп сүймегі керек.Өлең үшін уақытымды кейде сарп етсем,Уақытым обал емес пе деп шектім ғам.Тағы зейін мен ой, көзімнің нұры,Назар мен ықылас, жүрегім сезімі;Тағы кім оқыса бұл өлеңді кенет,Онікі де сонша болса ше ысырап?! –Деп өлең жазудан ұялдым мен,Өлеңді ең жасырын сырым білдім мен.Бірақ бүгін сонша тар фұрсат ішінде,Тіпті дүрбелең мен арасат ішінде –Қолда қалам. Тағы іздеп жүрмін сөз,Өйткені ішімді, аһ, күйдіруде шоқ.Діріл тамырымда. Көз жас жүзімде,Көктем мен күз бірдей күлер ізімде.Азап пен қуаныш, айрылу мен уысал,Балдай айрылық пен абыржыған қиял –Тағы диуаналық болды талабым,Өйткені сені сүйіп қалдым, хабибім.15.10.24.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.