Өмір
Жас еді. Піспеген шикі еді ол шақ,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жас еді. Піспеген шикі еді ол шақ,Азап пен ләззатқа еді бөтен.Әр күн наурыз еді, әр күні айт,Қорлық пен құрметке еді бөтен.Таңданып қарар-ды әр таң, әр кешӘлем кітабының әрбір әрпіне.Әлі ащы не – білмес еді таңдай,Қайғысы жоқ еді уақыт сарпына.Әлі зұлымдардың кірлі ісін де,Сан алуан күнәлардың аттарын да;Және жақсылардың опалысын да,Айлакерлердің құрған торларын да;Ұйқысыз түндерде не азаптар бар,Сергек сәрілердің сырлы демін;Күндіздердің қаншалық жапалы болуын,Кештердің қара зынданын, торын;Күнәнің ащысын, тәубенің рахатын,Өкініш уын, құтылыс қадірін;Әулиелер жүзінің күндей нұрын,Ұлы адамдардың ұлы сабырын;Жардың қамқорлығын, әкелік жүгін,Дұшпан қазған орды, дос шеккен аһты;Қандай болар екен жүректегі түйін,Мәрттер айбатын, әлсіз мадақшыны;Ант беріп, антын ұмытқан жанды,Бір сәтте сөзінен қайтқан сорлыларды;Көктерге көтерген қауырсын, қанатты,Батпаққа батырған қасірет, соқырлықтарды;Даңқ-шөһрет шарабының тәтті дәмін,Маламат оқтарының улы ұшын;Бастың иілуін, бойдың бүкірін,Жала шоқпарының жеңімпаз күшін –Ешбірін білмес-ті, білмес-ті мүлдем,Түстер дүниесінің азаматы еді.Әділет жеңеді деп, батылдықты хақ деп,Сабырсыз жүрегінде дау-жанжал еді.Сосын... бәрі болды. Уақыт мектебіндеСабыр қамшысынан көп тәлім алды.Зілзала қиратқан жүрегіндеҚиял үйінен қираған жұрт қалды.Ең алдымен үнсіздіктің үйренді тілін,Надандар алдында үнсіз болды, қойды.Сүртіп көздеріне тәкаппарлық күлін,Өзіне төзімнен қабірлер ойды.Жапалар уына шыдамаған көңілЖапалардың уын білді шипалы.Бүлік шынжырында ұсталған бұл құлКөздеріне салды мойынсұнудан өрнек.Бүгін шөл сияқты тыныштық жәнеТүндей үнсіздікке ұмтылар науқас.Жанартаудай атылу ниеті қайда?!.Хумул топырағында болар құтты.Әрі ең ұлы ілімге талап бұл шақ,Шіркін, бұл ілімнен несібе алса!Бұл сондай ілім, сырын адамҚымбат гауһар сияқты жүрегіне салса –Көздер нұр ішінде жайнар еді, һайһат.Болып кетер еді жаһан шұғылалы,Тәлім алуына керек таудай табандылық,Өмірді сарп етсе, тұрар күмәнсіз –Барша хикметтердің түйіні, қаймағы,Шайтан айласының осы – өлімі –Бұл – қылқандай кішіпейіл, кішік болмақ,Жүректі аялау, сақтау ілімі.24.09.2024.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.