Даналық
Кейде кесу керек, кейде шабу,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Кейде кесу керек, кейде шабу,Ауырудан айқайласын науқас. Аяма.Ауырулар ішінен шипаны табу –Рақым-мейірім сол. Басқаша ұқпа.Кейде бұзу керек басынан аяқ,Өлу шарт қайтадан тірілу үшін.Иыққа жауса илаһи таяқ,Мейірім біл – жаңадан тұрғызылу үшін.Кейде кету керек басты алып, болды,Аяқ қайда жетсе – сонша кет.Шақырсын келіп әр жерден дауыс,Бірақ жауап берме, мақсатқа жет.Кейде шөгіп кет тас сияқты, мүлде,Мың жыл жат үндемей судың түбінде.Кейде жер бетін харам біл,Өмір сүр үңгірлердің маңында.Кейде қан түкір, кейде қан құс,Кейде у іш достың қолынан.Өзіңді дүние отынан қорға,Мейлі, қайтып келме кеткен жолыңнан.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.