Тіл

Өмір

«Сені досың сатты» демеңіз маған,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

«Сені досың сатты» демеңіз маған,«Бауырың таратты бөхтан» демеңіз.Тіпті жүз шаншылса бұл әлсіз тәнге,Сенбеймін әсте, уайым жемеңіз.Бір досты сатқан болсам, әттең,Мені де сатар ма бір жақыным?!Махаббат мүлкінде адалдық орнатып,Қай бауырымды ұмыттым, я, Раб?!Үнемі Хақтан сұрадым тәубе, истиғфар,Үнемі салихтарға ұмтылдым, әй!Сенемін, нанкөрлер шықпас әстеБауырыма басқандар ішінен мүлде.Өйткені асыл жандар болды сұхбаттас,Қасыма келмеді бір харамзада.Мейірімізге куә болғандарКете алмас ешқашан теріс айналып.Бәлкім, мәжбүр етіп тағдыр ісі,Біреу алыстар, көзінде жас.Бірақ ұмытуға жетпес күші,Мүлде үзілуге таппас шыдам.Өйткені жүрегіміздің аһ пен наласынӘрдайым естір Кешірімді Алла.Кім көрген болса бұл жүрек пәресін,Қалай батылы барсын жау болуға?!Акром МАЛИК

3 260рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.