Иман
Өзім кемел болсам, өзім пәк болсам,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Өзім кемел болсам, өзім пәк болсам,Сенің тәрбиеңе бар ма мұқтажым?!Қашан жаралансам, кеудем жыртылса,Алдыңа келдім мен, бол құтқарушым.Егер түзей алсам өзімді сенсіз,Саған салар ма едім өлігімді, жан?!Дұрыс айта алсам сөзімді сенсіз,Аяғыңа түспес еді басым ешқашан.Неге енді менен жиреніп тұрсың,Неге бұрасың науқасыңнан жүз?Науқастарға сенде жоқ па еді мейірім,Көктеміңде жапырақ шашар ма еді күз?!Мейлі, халімізден жиіркен, түңіл,Мейлі, бетімізге жап бас тарту есігін.Сенеміз – Құдай Тағала қабыл етер,Даргаһына келдік қара бет, жүдеп.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.