Тіл

Махаббат

Сенсіз өткен әр сәттің өтуі де машақат,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Сенсіз өткен әр сәттің өтуі де машақат,Сенсіз түнде таңдардың атуы да машақат.Әр минут сағаттай, сағаттар күндей ұзақ,Күндер бейне аптадай, апталар айдай мұңлы.Уақыттың созылуын сенсіз қалғанда білдім,Сабыр жібі үзілуін сенсіз қалғанда білдім.Топырақтай жерде жатқан төзімдерім таусылды,Сабыр-шыдам аталған армандарым жоқ болды.Сен келетін жол да бұлай назданбаса екен,Айрылық қолында көңіл ішегі де күйге келмесе.Сенің көзің түскен қабырғалар гүлге ұқсар,Сен болмасаң, гүлзарлар сарғайып, сырқатқа ұқсар.Дертімнің дауасы ма сен, таңның самалы ма сен?!Махаббаттың гүлзары, опаның мекені ме сен?!Келсең, көзімнің бүршігі ашылар мөлдір болып,Жүзіңе телмірермін, көркіңді жырлаушы боп.Енді ұстап болмас өткен сәттерді әсте,Көзім шалып үлгермес күткен сәттерін тіпті.Айлар аптадай шапшаң, апталар күндей жүйрік,Күндер сағаттай өтіп, сағат бір лездей асығыс.Сен кеткен соң, тағы әр сәт жылға айналып алар,Сәттердің аяқтары жерге байланып қалар.Махаббатта айрылық ауыр, күту – қиыны екен,Бұл істер залым уақыттың арам ойыны екен.Акром МАЛИК

4 920рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.