Тіл

Иман

Нәпсінің айласынан ақыл аң-таң қатар,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Нәпсінің айласынан ақыл аң-таң қатар,Шайтан аңдып жатар тасада, панада.Хақты түсіне алмай ой мен сана қатар,Жалған хақ кейпінде ойнар сахнада.Күнәлар айналып жала тасынаЖауса, тағамы болса уланған;Сөгіс қамшысы түссе басына,«Ойбай, күнәсізбін!» – дер айғайлап.Бір әулие депті: «Қандай да бір нәубетНемесе ауру келсе, зарлаудан қорықтым.Өйткені әрбір азап Хақтан, әлбетте,Айыбыма кәффарат екенін ұқтым.Егер шүкір етпей, тіл барса «ойбайға»,Дертімнің дауасынан бет бұру болар.Саған жақсылықты қалаған ЗатқаБейне жауласу, шайқас, соғыс болар.Сол себепті дертімді ішке жұтамын,Раббымның рахметіне қарап, күтумен.Үмітім сол: қылмысымды кешірер,Кешірім мен жарылқауын етер қазір...»Алайда бүгінгі күннің халі нашар,Алайда шүкіршілік мәңгі ұмыт.Бақи әлемінен халімізді сұрап,Бабалар рухы мұңайып, үнсіз тұр.Кешіріңіз бізді, Ясауи баба,Кешіріңіз, хазірет Садр-уш-шариғат.Нұрлы жүзіңізге қарай алмай тіпті,Бәріміз жұтаңбыз, бидғатқа батқан.Кешіріңіз бізді, хазірет Науаи,Кешіріңіз лайықсыз ұрпағыңызды.Қорлық бұрышы болар надандар орны,Көрмейінше сіздің медетіңізді.Шайтан ақылдарды шынжырға салған,Нәпсі – әр сәт жүректің қанішері.Уды жұттық бейне бал мен қант деп,Опа деп жауларға кеттік сатылып.Нәпсі мен шайтанның бауырын тілсек,Көзден тәубе інжуін шашсақ, шіркін...Жалғыздық кісені құртпай тұрғанда,Ұлы сұхбаттарға асықсақ, шіркін...Акром МАЛИК

3 530рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.