Өмір
Кіммен дос болсақ та, біз бас тартпадық,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Кіммен дос болсақ та, біз бас тартпадық,Адалдық пен опаны сақтадық мәңгі.Опасыздық батпағын ешбір кешпедік,Шын ниетпен сүйіп, көрсеттік құрмет.Өзімізді тастап аяқ астына,«Басып өт» деп болдық жолға пайандаз.Көңілді тапсырып ғашықтық қолына,Айрылықта жануды кәсіп еттік біз.Кешірдік қандай қате, бүлік болса да,Әр жылаған көзге нұрдай жаудық біз.Бірақ «доспын» деген адамдар болса,Олар алау жақты, біз соған жандық.Біз кетпедік. Ысмайылдай ант ұстадық,Мүмкін, ұмытты өзгелер сөзді.Бұл да қандай әдемі, қандай берік бақыт –Қайтадан баспау артта қалған ізді.Әй, жаңа көшеттер, жас-жас ағаштар,Әлі бүршіктерің жеміс бермеген.Қиялдарың сан түрлі ойдан есеңгіреген,Әлі берік мінез-мәнер тұтпаған.Үйреніп қойыңдар опа сабағын,Өмірдің жолында керек болар ол.Өйткені кім опа қарызын өтемес,Зар мен шерден төлер салық-баж сол.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.