Даналық
Сұрақ болды бір күні ұстазға былай:
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Сұрақ болды бір күні ұстазға былай:«Бұл әлемде, айтыңызшы, бақытты қай жан?»Жауап айтты ұстаз: «Анық күндей –Шүкір мен ризалық – бақыт әрі нәжат.Кімде-кім әр нығметтен бола алса шадыман,Әр не сынақ келсе, разы бас исе;Күмәнсіз бақытты – міне, сол адам,Не ғажап, басы бақыттан көкке жетсе!»Тағы сұрақ болды:«Ұстаз, рахмет,Кешіріңіз бізді, біз – шексіз әдепсіз.Кімнің көздерінде табылмағай нұр,Яғни бақытсыз болып, аталғай адасқан?»Ұстаз айтты: «Жауап күндей анық:Кімде шүкір жоқ және етсе ісиян –Өмір сұлу, жарық гүлбақ болса да,Бақытсыз қалғай – міне, сол адам».Біраз үнсіз қалып, кемел ұстазТағы сөз етті: «Осы – тура жол.Бірақ қай кісі болса ғапыл,Бұл сөзді етпес ешқашан қабыл».Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.