Тіл

Иман

Пара-пара бөлініп шашылған едім,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Пара-пара бөлініп шашылған едім,Түйір-түйір қылып жинап келесің.Өзімді шайнадым, ұсақтап жедім,Қарсымнан мен болып шығып келесің.Әлемді толтырған күннің нұрыЖүректің лашығына кіре алмас.Адамды тастаса ақыл-есі,Мастай у-шу салып, қаңғыр үнемі.Бәлкім, ернінен шыққан дауыстыҚұлағы сезбегей, парасат етпегей.Шеңгелінде езіп рух атты құсты,Азаптың себебін ұғынып жетпегей.Іштен опасыз нәпсінің бүлігі шексіз,Сырттан шайтан келгей әскерін тартып.Тән қамалында ақыл мен жүрек текАң-таң қатып қалғай рухты ауыртып.Сонда кенет жаңғырып көмек азаны,Рухқа үндеу келгей: «Тәкбири қамат!»Кенет басылғандай бүліктің дауылы,Қайта туылғайсың сау-саламат.Ақырын қадамға салғайсың құлақ,Кенет тынышталғай сырттан шабуылдар.Ақыл мен жүректі жуып көгілдір бұлақ,Таңдай гүлдей бастар қараңғы түндер.Пәлектен нұр шашып түскей сансыз топ –Періштелер қолында шынжырлар ұстап.Жерді ақырын жауып салмақты тыныштық,Ібілістер қойылғай шынжырға байлап.Енді тек нәпсінің у-шуы қалды,Тек нәпсі етер бейәдеп бүлік.Бірақ сырттан ешбір көмек келмеген халдеНәпсінің үні ақырын барғай төмендеп.Бірақ тағы бар ілаһи ғажап мейірім,Нәпсіні сындыруға берілгей қару –Күні бойы «Я, Хақ!» деп ләззаттан кешіп,Оразамен нәпсіні етесің пайымал.Түн мен күндіз болған шабуылдар, уаллаһ,Басылып, рухың табар тыныштық, сүкүн.Енді Хақтан сұрап нәжат пен пана,Оның медетін алуың мүмкін.Пара-пара бөлініп шашылған едім,Түні-күні түйір-түйір қан жұттым.Бауырыңды кең ашып, жымиып келдің,Жүрегіме нұрмен кірдің, Рамазан.Әй, рахмет фурсаты, мархамат айы,Мағфират дариясы тасыған Рамазан!Науқас көңілдердің амандық жайы,Он екі ай ішінде өзіңсің сұлтан!Шаһ пен гедейді ажыратпайсың сен,Ешкімді қумайсың құзырыңнан еш.Барлығының күркесін жарықтайсың тең,Ешкімнің жанынан өтпейсің үнсіз кешіп.Қаласа, қайсыбір сорлы, дәрменсіз,Тәубе есігіне бастап барғайсың.Жыласа, қайсыбір бауыры қан,Жарты жолда әсте тастап кетпейсің.Кешір, құрметіңді жасай алмасам,Кешір, болмасам шаныңа лайық.Бірақ сенімді бол, мен құл, әр сапарСаған өлер халде келгенмін сүрініп...Раббым, Саған шүкір, сансыз шүкір –Ғұфранға оранған айды бергенсің.Пендең өз халінен жиіркенгенде,Пәклен деп бұл ұлы сайды бергенсің.Медет бер, нәпсімнен болайын ғалиб,Медет бер, медетіңді тоқтатпа бір сәт.Дидарыңа болып әр сәтте талиб,Жүрегіме айналып қалса еді, Құран...Акром МАЛИК

3 530рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.