Тіл

Даналық

Адамдар айтса алғыс, жарайсың,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Адамдар айтса алғыс, жарайсың,Алданба қант-әтеш сорған баладай.Шалқайып мақтау естіген сайынЖүгірме таяқ атқа мінген баладай.Шынында, даңқ-абыройың уақытша,Адамдар мақтауының баянды жоқ.Абыройыңа қол соқса қат-қабат,Олардың түйірдей де уәфасы жоқ.Ойлама, керекті адаммын деп,Ойлама, біреулер маған мұқтаж деп.Үстем болсаң, шіркін, аспанды тіреп,Күнді басыңа қоя алсаң тәж деп.Сенсіз де өтеді күн мен түн тынбай,Сенсіз де маусымдар алмасар тұрақты.Қаласаң, разы бол, қаласаң, көнбе —Болмысың еш қайғыны жоймайды.Барсың ба, жоқсың ба, жер бейжай,Аспан естімес дауысыңды еш.Әлемдегі ең үлкен ақиқат сол — мүлдемМәнсіз дау мен дастаныңнан кеш!Өз бетіңше әуеге алданба, бауырым,Шайтанға еріп көпіре берме.Бір күні аяулы басың тасқа тиер,Нәпсіңнің торына түсе берме.Ғарыш сахнасында тозаңдайсың,Саған берілмеген билік, үкім.Егер көзіңді ашып, шынымен қарасаң —Шын мәнінде, ешкімсің, ешкімсің, ешкім!Акром МАЛИК
Адамдар айтса алғыс, жарайсың, — фото

3 150рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.