Тіл

Махаббат

Махаббат бір кілт, сырлар есігін ашқай,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Махаббат бір кілт, сырлар есігін ашқай,Махаббат бір нұр, шайтандар одан қашқай.Махаббат құдіретінен жартастар орнынан көшкей,Махаббаттан айырмағын, уа, мейірбан Аллаһым!..Машақаттар махаббатпен жеңілдікке айналғай,Жерде туған жандар аспандыққа айналғай.Махаббаттың жібі мәңгілікке байланғай,Махаббаттан айырмағын, уа, мейірбан Аллаһым!..Жарды түн мен күндіз зікір ету – махаббат,Жолдарына әр сәт көз тігу – махаббат.У берсе, шекер деп шат жұту – махаббат,Махаббаттан айырмағын, уа, мейірбан Аллаһым!..Махаббат деп мақтанған өтірікшілерден безермін,Жалған ғышқ, нәпсі берген азаптардан безермін.Махаббат түсінде болған сағымдардан безермін,Махаббаттан айырмағын, уа, мейірбан Аллаһым!..Махаббатты бұл отта жанбағандар білмегей,Махаббат үшін өзінен танбағандар білмегей.Айрылық шарабына қанбағандар білмегей,Махаббаттан айырмағын, уа, мейірбан Аллаһым!..Махаббаттың түсінде айла-шарғы көп,Жалғаннан көз жас төккен тастай көздер көп.Ғашықпын деп ойлаған жап-жас бұтақтар көп,Махаббаттан айырмағын, уа, мейірбан Аллаһым!..Әлі іздеп жүрмін бір опалы жарды,Махаббат деп аталған мәңгі жасыл көктемді.Егер атқарып өтсем ғышқ деген кәсіп-кәрді,Өмірімнен риза едім, уа, мейірбан Аллаһым!Әй, ғышқтан хабарсыз жан, жүрегіңе назар сал,Ғышқтың шөлдеріне сен де бір сапар шек,Ғышқтың отында жанып, мекенге аман жет,Махаббаттан айырма, уа, мейірбан Аллаһым!..Акром МАЛИК21.07.2024.

1 980рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.