Тіл

Иман

Әй, жүректің тілінен бейхабар адам,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Әй, жүректің тілінен бейхабар адам,Жүректің соғуын бақыт деп білген жан.Дүние зұлматынан көңіл қара қан,Раббым рұқсат берсе, қақсам қанат,Ұшар едім қайтпастай болып ешқашан.Қорқыныш тырнағында алғаның тынысҚабір құшағынан ауыр әрі түнек.Түсін, ақыры, мақсат жасау емес,Әлем торында кептердей сайрап!Жүзім жарық күйде жан берсем, болды...Шөлге қашсам ба? Әлде үнсіз, мылқауЖартастар бауырынан іздеймін бе пана?Сөзін қайталап таң, кеш, күн мен түн,Көк көксіне басымды қойып, ниеттес,Самалдар сыбырын тыңдаймын ба тыныш?Санаңды толтырған ғамдарды, кешір,Менің қайғыларымды бөтен білді.Әрине, армандарың өмірге құмар,Менің армандарым қолымда өлді,Бойымды бүгіп қойған ақырет көші...Жаһан істеріне, кешірім ет, жарандар,Ой-қиялымды ете алмаймын сарп.Оның алдына барғанша зарлыЖәне үкімі астында тұрғанша сап,Пәктеніп алуға асығуда жан...Ал болмысымды жаулап, һайһат,Өмірімді сарп етер мейірімсіз әлсіздігім.Раббым рұқсат берсе, қақсам қанат,Уысалдан қуанып жаралы жүрегім,Басталса уысалда мәңгілік өмір.Саған аян, ақыры, не бар болса, сырым,Алдыңда топырақпын, топырақтан төмен.Жүрек сынық. Көз жасты. Сөздерім жарым,Өзіңе бара жатырмын дірілдеп қорқыныштан,Кәрам қыл құлыңа, Аллаһу Кәрим!Акром МАЛИК8 қаңтар, 2021 жыл.

2 410рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.