Ыстықтың қарама-қарсысы – суық, ақтың кері – қара, жақсының алдында – жаман және т.б. Әлем істері оң мен…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ыстықтың қарама-қарсысы – суық, ақтың кері – қара, жақсының алдында – жаман және т.б. Әлем істері оң мен теріс үстінде. Халайық та екі бөлік: хас және ауам. Ауам ойланбайды, ереді, айқайлайды, шақырады, қуса, жаппай қуады, қашса, жаппай қашады – ес-түстен жұрдай топ. Тобырдың махаббаты, назары және ықыласы жалған болғаны сияқты, қаһары, жеккөрушілігі мен ашуы да сағым, назары – алдамшы. Тобыр алқысынан мас болған – ғапыл. Ауамның шуы жеңіс немесе жеңілістің көрсеткіші емес. Хастар үнсіз. Хастардың хикметін тобыр обал етеді. Хастар – қашан және қандай сөздерді айту керектігін білген адамдар. Хастар – әлемнің өткінші ісіне құрбан болудан өзін де, өзгелерді де сақтай алғандар.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.