Тіл

Адамдарды өз жолыңызбен жүргізуге тырыспаңыз, тіпті ол сүйген адамыңыз болса да!

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Адамдарды өз жолыңызбен жүргізуге тырыспаңыз, тіпті ол сүйген адамыңыз болса да! Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләм өзінің сүйікті ағасы Әбу Талибті һидаятқа келтіре алмады, бұл ақиқат бәріне аян болып қалсын деп!

Ешкімді ешбір іске мәжбүрлеме. Тозаққа бара жатқан болса да, өзі қаламаса, сен оны тоқтата алмайсың. Барма, бұл – тозақ жолы десеңіз де, парық қылмаса, етегінен мықтап ұстап тартыңыз, бірақ қайырымсыздар етегін кесіп, кете береді. Сондықтан біліп қой, ешкімнің амалы үшін, таңдауы үшін сенен сұралмайды, қайта айттың ба, білдірдің бе деп сұралады. Иә, айттым, ескерттім дейсің, болды. Қорытынды мынау: көңіл иесі болмағандарды тастап кет те, ұмыт! Ол кім болса да, маңызсыз. Әйелі ме, баласы ма, досы ма, айырмасы жоқ. Құдай пана болсын. Сен өз жаныңды құтқар. Сопы Аллаяр бабамыз айтқандай:

Ағайын көңілі ағармаса егер, Қолыңнан келсе, барып отырма еш.

Яғни тіпті туысың да пәк көңілді және ақ ниетті болмаса, насихаттар әсер етпесе, надандық пен жамандықтан қайтпаса, шамаң келсе, оның үйіне, қасына барып отырма, одан бас тарта сал. Бірақ һидаят сұрап дұға етіп жүр.

4 980рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Қалам – Құдай берген нығмет. Қалам дегенде, көркем, ғылыми шығармашылықты, шешендік сөз, уағыздарды еске…

    Қалам барлығының қолына берілген емес. Құдай кімді қаласа, соған қалам беріпті. Қолына қалам берілген адам оны алуда ерікті болмағаны сияқты, оны тастауда да ерікті емес. Жазу…

    2 мин

    ҰЛТТЫҢ АҚЫЛ ҚУАТЫ

    Ақыл қуаты біліммен өлшенеді. Оқу. Ізденіс. Дәлелдерді бақылау. Жинау. Салыстыру. Сұрыптау. Логикалық қорытындылар шығару. Міне, осы – ақыл қуатының дәлелі. Бұл іске қабілетті…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.