Шетелде оқу жоғары мақсат ретінде көрілмеуі керек. Мақсат оқу емес, білім алу. Білім алу емес, қандай білімді…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Шетелде оқу жоғары мақсат ретінде көрілмеуі керек. Мақсат оқу емес, білім алу. Білім алу емес, қандай білімді алу – ең маңыздысы.
Қандай да бір бай мемлекет мені тегін грант есебінен оқытады деп жүректің алып-ұшуы ішкі бір сезімдік және ақыл-ойлық бостықтан белгі.
Қалыптаспағандықтың белгісі.
Бақытты бөтен елден табамын деу өзіңе бөтен екеніңе дәлел.
Шетте оқыма делініп отырған жоқ, шетте оқу барлық мақсаттарға есік ашады, мұрат-мақсатыма осы арқылы жетемін деу қате.
Шетте оқу өмірлік қажеттіліктің туындысы болуы керек.
Өмір сүріп жатырсыз, бірдеңе өндіріп жатырсыз, бірақ белгілі бір біліктілік сізде жетіспей жатыр. Бүкіл Өзбекстанда міне осы біліктілік пен білім жоқ болса, барыңыз да, бір жерден үйреніп, тез келіп, соны іс жүзінде енгізіңіз. Болды, мәселе шешілді.
Жай ғана ұшып-қонып, шетте оқу – бақыт деп немесе шетте оқу – бұл мәртебе деп жүгіріп жүрген болсаңыз, мақсат пен өмір жолын белгілеуде жай ғана омыртқасыз күйдесіз.
Жастарды да шетке оқуға жіберіп, шетелдің түсін жалтыратып көрсете беру керек емес.
Яғни әр жігіт пен қыз өз жұрты, отаны, халқы, өмір сүру мақсаты туралы берік әрі тұрақты түсініктерге ие болуы керек.
Дүниені өз жүрегіңнен аша алсаң, шіркін.
Бірақ бұл сөздер өз жұртынан басқа барлық бөтен елді сүйетін; өз отанынан бөлек бөтен әрі тәкаппар қауымдарға жүрегімен де, ақылымен де тәуелді болған адамдарға ұнамайды, өйткені ақиқатты мойындауға нәпсінің құмарлығы кедергі келтіреді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.