Қызметкерлердің ұсақ кемшіліктері — қалыпты жайт. Яғни жұмысқа кешігуі, тапсырмаларды өз уақытында…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Қызметкерлердің ұсақ кемшіліктері — қалыпты жайт. Яғни жұмысқа кешігуі, тапсырмаларды өз уақытында орындамауы, ұмытшақтығы. Оларды дереу қатты ұрсуға, салмақты сөздермен айыптауға асықпаңыз. Басшы бұл кемшіліктерді түзетуге көмектеседі: қажет болса, әр жолы еске салады, насихат айтады, бірақ қызметкерден бас тарту туралы ойламайды. Өзінде жазылу ниеті бар науқастың шипа табуы оңай болғаны сияқты, өсуді қалаған қызметкер де ескертулерден дұрыс қорытынды шығарып, біліктілігін қалыптастырып барады. Жылдар мен жолдар адамды тәрбиелейді. Отбасында да солай: бізге бағыныштыларға қатыгездік жасамайық, оларды аялап, сындырмай кемелге жеткізейік. Үлкендеріміз қатаңдықта шектен шыққандай көрінсе, ақыларына дұға жасайық, наразылық білдірмейік және бізге айтылған кемшілікті жою туралы бас қатырайық. Кейде ұзақ уақыт, тіпті өмір бойы басқа адамдардың кішкене қателеріне көз жұмып өмір сүруімізге тура келеді, өйткені өз кінәларымыз бен күнәларымызға шыдап, кешіріп, сылтаулар тауып өмір сүріп жүрміз ғой! Өтірік, опасыздық, сатқындық, арамтамақтық — басқа мәселе, мұндай кеселдер өз иесін сіз бен біздің араласуымызсыз да аяғынан тартып батпаққа алып түседі және сол батпаққа батырып жібереді. Біз өз кемшіліктерімізді түзету туралы ойлайық, қасымыздағыларды түсінуге және кешіруге тырысайық, ғажап емес, жақсы болып кетсе!
Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.