Тіл

БІРІНШІ ТАРАУ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

БІРІНШІ ТАРАУ ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ

Үшінші бөлім Әкенің отбасындағы саясаты

Басы: 👉 1-бөлік. 👉 2-бөлік.

Отбасында бірнеше перзент арасында әділдік болуына әке ерекше назар аударады. Біреуін екіншісінен артық көруі немесе төмен санауы — өте ауыр қате. Әрине, әкенің де, ананың да жүрегі перзенттерінің ішінде біреуіне көбірек ұмтылуы мүмкін, бұл жағдай барлығында бірдей байқалмаса да, жоққа шығаруға болмайтын жағдай. Бұл жерде әкенің де, ананың да дана болуы талап етіледі — олар бұл сезімді басқа балаларға жария етпейді. Балаларда мені әкем немесе анам басқа аға-інілерімнен бөліп жатыр деген ой әсте қалыптаспауы мақсатқа сай. Бірақ отбасында орнатылатын нәзік бір саясат мынау: жасы үлкен перзенттердің құрметін кішілер сезінеді. Әке тұңғыш ұл мен қыздардың ізетін жасайды, олардың ақыл мен жас жағынан артық екенін, кішілер үлкендермен ақылдасуы, олардың сөздеріне бой ұсынулары керектігін сіңіріп отырады. Ол үшін әке: «Ағаңды шақыр», «Ағаңа да алып қояйық», «Ағаң ренжиді», «Ағаң не дер екен?», «Ағаңнан сұрадың ба?» «Ағаңды құттықтап қой» сияқты сөйлемдерді айтады. Орны келгенде аға сөзінің орнына апа сөзі қойылады. Кішілерге қатысты мейірім сезімі қалыптастырылады: «Ініңді ренжітпе», «Ініңе алып қояйық», «Ініңе беріп қой», «Ініңе көмектес» сияқты сөйлемдерді айтады. Нәтижесінде, отбасында ағалар, апалар өздерінен кішілерге мейірімді, шапағатты; інілер, сіңлілер үлкендерге мойынсұнғыш, құлақ асатын, соңынан еретін болып өседі. Болашақта олардың мұра таласуының, абысындар арандатуының, мал-дүние дауларына ұшырауының алды алынады, ата-анадан кейін олар шашырап кетпейді, керісінше, тұтас күйде әулеттің абыройы мен атын сақтайды, отбасының тәрбиесі мен ахлағын қамалдай қорғайды. Перзенттер есейген соң, отбасылы болған соң, оларды және немерелерді ай сайын бір жерге жинау, күнді бірге өткізулері қамтамасыз етіледі. Бұл жиында тек жиналып, тамақ ішілмейді, кім қандай іс істеп жүр, кім жұмыссыз, кім оқып жүр, кімде материалдық қиындық бар — осы сияқты мәселелер талқыланады. Материалдық жағынан қуатты перзенттер басқаларына көмек береді; әулеттің бір өкілі жұмыссыз, мұқтаж болып, телміріп қалуына, бөтен жерлерде сандалып жүруіне әсте жол берілмейді. Әкенің бауырлары мен нағашылар жиендеріне тарту мен сыйлықтар береді; ақша таба бастаған жастар алғашқы айлықтарынан және жалпы табыстарынан ата-әже, ата-ана, әкенің бауырларына, нағашыларға, тәтелер мен нағашы апаларға тарту, сыйлықтар беріп, батасын алады. Отбасының жасы ең үлкені — әулет басшысы бәрін бір жерге жинап, иман-сенімнен, адалдық пен пәктіктен, өзара мейір-қайырымнан насихат айтады, жастардың, бүкіл отбасының хақына дұға жасайды. Қайын ата, қайын ене, қайын іні, қайын апа, қайын сіңлілер, күйеу бала, келін, абысындар, әкенің бауырлары, нағашылар, тәтелер, нағашы апалар және жиендер арасындағы қарым-қатынастар бөлек тарауларда талқыланады.

Акром МАЛИК

3 240рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    БІРІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ Үшінші бөлім Әкенің отбасындағы саясаты (Басы. Жалғасы) Әкенің ұл мен қызға деген көзқарасы әртүрлі. Қызға қатты сөйлемейді, тек жұмсақ сөйлейді. Әкенің…

    2 мин

    БІРІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ Үшінші бөлім Әкенің отбасындағы саясаты Әке отбасында көп жағдайда байыпты әрі күлімсіреген адам. Ол алаңсыз әрі бейбіт, салмақты әрі байсалды. Әке әрбір…

    2 мин

    БІРІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ Екінші бөлім Әкенің мінез-құлқы Әке — отбасының бүкіл жүгін иығымен көтеретін тірек. Ол мұны терең түсінеді. Ол көркем мінезді өзінің басты қорегіне…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.