Тіл

Дүние ахлы – дүние ахлының қарама-қарсысы – Хақ ахлы. Яғни Хақ иелері. Олар – дүниемен ісі болмаған, тек Хақ…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Дүние ахлы – дүние ахлының қарама-қарсысы – Хақ ахлы. Яғни Хақ иелері. Олар – дүниемен ісі болмаған, тек Хақ… — фото

Дүние ахлы – дүние ахлының қарама-қарсысы – Хақ ахлы. Яғни Хақ иелері. Олар – дүниемен ісі болмаған, тек Хақ жағында болған, ойы, пікірі, зікірі Хақтың сөздерімен тығыз байланған адамдар. Хақ ахлы бұл дүниені тәрк етушілер емес. Олар дүниені бір көлік, арба немесе кеме ретінде елестетушілер. Бұл нәрселердің әрқайсысы адамның мақсатқа жетуі үшін қызмет еткені сияқты, дүние – Хақ ахлын мақсатқа жеткізуші құрал. Хақ ахлынан болу кедей болу деген емес. Хақ ахлы бай-бақуатты, беделді, құрметті де болады. Олар тақ иесі ретінде мемлекет басқаруы да мүмкін. Яғни олардың істері, кәсіп-шаруалары сырттай қарапайым адамдардан ерекшеленбейді. Бірақ іштерінде дүние үшін түймедей де орын бермейді. Алла дүние берсе, қуанбайды; алса, күйінбейді. Олардың да кейбір қасиеттерін қарап шығайық: — адамдар назар аударса, назар аудармаңдар демейді; — адамдар бет бұрса, маған назар аударыңдар демейді; — мұсибат келсе, қайғыға түсіп зарланбайды; — табысқа жетсе, есін жоғалтқандай болып қуанып, секірмейді; — адамдарды шектен тыс жеккөрінішпен сөкпейді немесе шектен тыс асыра мақтап, көкке көтермейді; — айбындары жақсылардың жүрегін шаттыққа, жамандардың жүрегін үрейге толтырады; — әркімнің сөзіне сене бермейді, ақиқаттардың илаһи белгілер мен ишараттар арқылы көрінуін сабырмен күтеді; — болмыстың суретіне емес, мәніне назар салады; сөйлеуді емес, тыңдауды жөн көреді – үнсіздіктері әңгімелерінен басым түседі; — олар жаратылыстардан қорықпайды, ешкімге зұлымдық пен әділетсіздік жасамайды; — адамдарға құлдық етпейді, басқаларды да өздеріне құл деп білмейді – әркімнің еркі өз ықтиярында деп біліп, барлық істерді Жаратушының үкіміне тапсырады; — олардың халі – байсалдылығы мен салабаты ешбір жағдайда өзгермейді; — олар әділетсіздікпен, зұлымдықпен, ұятсыздықпен, Құдайдың әмірлеріне қарсы жүрумен ешқашан және ешқашан мәмілеге келмейді, ешқашан және ешқашан риза болмайды; — оларды ешқашан дүние мен ризық уайымы баспайды; олар әлсіздерге мейірімді, залымдарға айбынды, жанкүйерлерге жомарт; — өздеріне жеткен азаптар үшін кек алмайды және бұл жөнінде бәрін оңай кешіреді; — олардың ашуы сабырынан, рахымы мен мейірімінен басым түспейді. Адам Хақ ахлының бұл қасиеттерін біліп, қайта-қайта оқып жаттап алғаны жақсы. Мұның екі пайдасы бар: біріншісі, міне осындай мінезді адамдарды көрсе, дереу дұғаларын алады, қызметін етеді, назарына ілінеді, нәтижесінде өте көп жақсылыққа қол жеткізеді; екіншіден, өзінде де осы қасиеттер мен мінездерді қалыптастыру үшін тырысады; мен кіммін деген кезде осы таразыны, осы талаптарды өзіне қояды және міне осындай адам болуым керек деп ұмтылады.

Акром МАЛИК

2 530рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Жүрегіңе назар сал: ол дос қалап тұр ма? Біреу болса-ау, онымен қайғы-мұңымды бөліссем дей ме? Ол маған, мен…

    Онда бұл сөздер сен үшін: өтінемін, асықпа! Алдымен, ондай дос тек бір адам ғана болатынын біліп ал. Екіншіден, ол дос қияметтік болуы керектігін ұмытпа. Қияметтік дегеніміз —…

    2 мин

    Дүние ахлы — дүниені бәрінен артық қоятындар. «Қисас-и Рабғузи»де айтылуынша, әлі Адам ғалайһиссалам жерге…

    Автор айтады: жер бетінде қалғандар дүниені сүйген дүние ахлы — кәпірлер еді. Жәннатта қалғандар жәннат ахлы — мүміндер еді. Құдайдың құзырына қайтқандар Құдайдың достары,…

    3 мин

    Сыр — ең ұлы күш, ең берік құдірет. Ер адам сырын берсе, жұмыртқадан жаңа шыққан балапандай қорғансыз әрі…

    Ер адамның сыры не? Бірінші сыр — қуат, күш және мүмкіндік. Қуатыңның шегі туралы ешқашан білдірме. Күшіңді жасыр. Ешкім шамалай алмасын. Екінші сыр — қаржы. Қалтаңда қанша бар,…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.