Тіл

Иман

Біреу кетті, бір сөз демей, үнсіз ғана,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Біреу кетті, бір сөз демей, үнсіз ғана,Тастап кетті өлдің деп көмгендей.Қалдың бейне бақытсыз болып сен ғана,Жүрегіңнің ішінде от кенет сөнгендей.Азаптардан жүрек ауырып атты таң,Қинауларда жаның күйді аяусыз.Пенде екенсің деген сырды татты сана,Қайғы шөлінде мұң сені аулады.Пендесің ғой, қате – ата мұрасы,Ата мұрасы — жылап тәубе ету.Құдайым, кешірім – Саған тән қасиет,Мені тәубемен жүздестіре гөр.Егер ептей алмасам өкінішті де,Тәубелерім сынса әрдайым шынидай.Түні-күні жеген асым – қасірет,Ұйқысырап кезсем есінен адасқан жындыдай.Айта алмасам ептеп тіпті истиғфар,Күндерімді ғапылдыққа мен сатсам…Өзің мені кешіре гөр, Парвардигар,Кешіруге Өзің ең шебер Затсың!Мен ісімді істей алмасам қатесіз,Сен ісіңді істейсің ғой қатесіз!..Жараса ма құлың жанса, әттеген-ай,Сендей Құдайы бола тұра, ақыры!Акром МАЛИК
Біреу кетті, бір сөз демей, үнсіз ғана, — фото

3 100рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.