Өмір
ЖАРАЛЫ ҚҰС
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ауырғаннан қайда өзінҰрарын білмейді бір құс.Ол әрдайым ұшқан, жерде ешЖүруді білмейтін құс.Ұшуға қанаты жаралы,Қонуға ұясы да бұзылған.Қауырсынмен көмілген мұң,Көкіректен үзілген бір жүрек ол.Ол тастарға сонша сайрапты,Бауырын ашыпты қан болып.Көрді: тыңдағандар әліТұр қап-қара тас болып.Бұл тастар орнынан қозғалыпБарып тиді құсқа аяусыз.Құлаған соң басқа бір тас келіп,Езіп өтті бұл құсты жаншып.Жүдеу құс енді жатыр,Тәнінде тіршілік үні жоқ.Сайраған ол ыстық жаныныңНе үні, не демі жоқ.Бұл осындай қарапайым әрі мұңдыХикая, бауырым, тыңдадың.Бәлкім, бұл қарапайым хикаядаҚұстың азабын ұқтың.Бәлкім, бұл құсты таныдың,Бәлкім, танымай тұрсың.Мүмкін сен қап-қара тас секілдіҚұстарды жаншып жүрсің.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.