Тіл

Махаббат

ҒАШЫҚТАРҒА

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Сүйдің бе, жануға разы бол да, сүй,Өзіңнен тануға разы бол да, сүй.Жаназаңды оқып, әуелі өл де, сүй,Әйтпесе, жалында тұра алмайсың,Бұл жолда ит секілді үре алмайсың.Табытқа тәніңді салып жібер, сүй,Өзіңе ат қойып: пақыр, шаң-тозаң, сүй,Басыңа сыйға тарт: балта түбі мен дар, сүй,Әйтпесе, күйдіргенде күйігің шығар,Ерніңнен аһ деген зарың шығар.Яр бөтенге ілтипат етер әрдайым, сүй,Сенің бауырыңды болса, жүзсіз тілер, сүй,Тағы халіңді көріп шат күлер, сүй,Әйтпесе, бұдан басқа ғашық та жоқ қой, дос,Ғашық – жүрекке қадалған улы оқ қой, дос.Яр сені сүйдім деп, опа қылмас, сүй,Опа қылсаң, жападан басқа қылмас, сүй,Саған адасып та көз қиығын салмас, сүй,Әйтпесе, бұдан басқа жол берілмеген,Мұндай азаптарсыз жол жүрілмеген.Яр сені өлтірер, құрбан бол да, сүй,Яр саған зұлымдық етер, мақбұл біл де, сүй,Яр саған үкім етер, бір құл бол да, сүй,Бұл құлдық патшалықтан артық болар,Бұл өліммен ғашық кемел болар!Акром МАЛИК

8 860рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    СЕН СЕКІЛДІ

    Сен секілді ешкімді жүрегім Өзіне сырлас деп тұтпады.

    Махаббат

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.