Өмір
Бір күні жиналды достар көңілді,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бір күні жиналды достар көңілді,Жүректің қанынан құрды сұхбат.Көңілдер құстай қанат қақты,Тарап кетті азаптың қою бұлты.Айнала-айнала әңгіме өзегіКелді пенделердің істеріне.Ашылды сырлардың сырты мен астары,Сөз өтті ғашықтардың аһ-зарына.Деді бір хал иесі: «Маған сол қуаныш –Раббым ризалығы үшін істесем сауап іс.Бұл істен соң көңіл болар тыныш,Көктемге айналар қара аяз, қыс».Сонда қайғыдан бауыры күйген біреуЖылай-жылай деді басы иілген, бүгілген:«Менде не қылсын жақсы амал, сауап,Күнә жасамасам, жетер – сол күнім мейрам…»Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.